Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
21 мамырда жер заңына қарсы бейбіт митинг өтеді деген соң бірнеше қалада күзет күшейді. Қалалық әкімдік ғимараттарын таңертеңнен полиция күзетті. Астанада бірнеше азаматты полиция ұстап, Алматыда екі белсендіні ішкі істер департаментіне шақырған.
Астанада экономикалық форумға жүздеген лектор келген. Олардың лекциясын тыңдау - ақылы. Кей сарапшылар бұл жиынның пайдасы аз дейді.
Діни қызмет жөніндегі жаңа заң жобасын мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл заңға қатысты мәжіліс депутаттары мен жұрт пікірі қандай?
Астанада ұсталған белсенділер полиция тәркіленген үялы телефондарын қайтара алмай жүр. Олардың көбіне әкімшілік айыппұл салынған. Назарылыққа шыққандар заттарын іздеп жүргенде Еуропарламент өкілдері "Жаңа Қазақстан" форумы мүшелерімен кездесті.
Мәжіліс депутаттары Қазақстанда өткен наразылық туралы не деді?
Халықаралық баспасөз еркіндігі күні Азаттық тілшілері Астана жұртынан "Қазақстанда сөз бостандығы бар ма?" деп сұрап көрді
Азаттық тілшісі билік партиясының жетекшісінен Қазақстандағы жоққа тән партия бәсекесі туралы сұрап көрді.
Қазақстан президент Нұрсұлтан Назарбаев "Рухани жаңғыру" аясында шыққан жүз жаңа оқулықтың тұсаукесеріне қатысты. Бұл ел "Рухани жаңғыру" бағдарламасына 2022 жылға дейін 54 миллиард теңге бөлмек.
Астанада АҚШ доллары 332 теңгеге жетті. Ал мәжіліс "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" заң жобасын мақұлдады.
Оппозициялық саясаткерлер Уәлихан Қайсар мен Зәуреш Баталова Брюссельдегі кездесуді жақсы нышан, бірақ нәтижесін уақыт көрсететінін айтады.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана қаласының дамуына қатысты жиында айтқан "адам аты болмаса көшелердің атын санмен атаңдар" деген сөзіне Сенат депутаттарының пікірі.
Сарапшы, Telegram әлеуметтік желісінің белсенді пайдаланушысы Нұрлан Иманғалиев Telegram-ның өзге аналогтарынан айырмашылығы туралы айтты.
Қазақстан парламентінің мәжілісі пленарлық отырысында адвокаттық қызмет туралы заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады.
22 наурызда Астана әкімдігінің алдындағы алаңда полиция көк түсті шар ұстаған бірнеше адамды тексерді.
Азаттық тілшілері Қазақстанның кейбір министрлерінен Наурыз мейрамын қалай тойлайтындарын сұрап көрді. Астана. 20 наурыз 2018 жыл.
Қоғам белсендісі, Жер комиссиясының мүшесі Мұхтар Тайжан жер туралы заң жобасындағы даулы баптардың неге бірден өзгертілмегені туралы жауап берді.
Астанадағы ішкі істер министрлігіне қарасты «Алатау» спорт кешенінде дау туды. Кешен директоры залды жалға алып келген «Номад» жеке меншік би мектебін ақша төлемеді деп кіналайды. Би мектебінің жетекшісі жалға алу құнының өсіп кеткенін және залды жөндеуге жұмсаған қаржысының ескерілмегенін айтады.
Қазақстанның тұңғыш президентіне елдің Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығын беретін заң жобасына орай Мәжілісте жүргізілген сауалнама.
Қазақстан Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Азаттыққа "орамал дауына" қатысты пікір білдірді.
Астанадағы «Абу Даби плаза» ғимаратына қатысты тағы да дау шықты. «Нұр Отан» партиясынан көмек сұрап барған алпыс шақты құрылысшы "алты жүз адам заңсыз жұмыстан қуылды" дейді. Құрылыс салушы шетелдік компания өкілдері "бұған жұмысқа алушы қазақстандық компания жауап береді" дейді.
Тағы