Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Дін істері мен азаматтық қоғам министрі ҮЕҰ-лар туралы заң жобасын таныстырды. Құқық қорғаушылар заңдардың қоғамға әсері мен пайдасын зерделеуге шақырды.
Астанада өткен сот реформасы туралы жиында Жақып Асанов ресми көрсеткіште жалған мәдлімет көп екенін айтты. 26 қаңтар 2018 жыл
Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан 60 миллиард теңге «ҚазАгро» ұлттық компаниясына бөлінетіні хабарланды. Мәжіліс депутаттарының пікірі
Астанада күннің суығына байланысты алпыс шақты ерікті тоңған жұртқа көмек көрсетуге шыққан. Жастар елге ыстық шәй беріп, тегін көлікпен тасып жүр.
Астанада 11 қаңтар соққан бораннан қаладағы ғимараттарға залал келіп, көптеген автокөліктер соқтығысқан. Бұрқасын мен көк тайғақ кесірінен тұрғындар да жараланған.
Астана тұрғындары президент Назарбаевтың биылғы жолдауы туралы ойларымен бөлісті.
Қаңтарда Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне бір ай төрағалық еткен кезінде жиырмаға жуық шара ұйымдастырмақ. Көтерілетін тақырыптар арасында БҰҰ-ны ХХІ-ғасырда адамзатқа төнген қатерге бейімдеу және Африкада бейбітшілік орнату жобалары бар.
Астанада бір топ автобус жүргізушілері мен кондукторлары талап қойып, басшыларына келді. Олар 2015 жылдан бері еңбекақыларының өспегеніне наразы.
Желтоқсанның 25-інде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстанға алғашқы ресми сапарымен келді.
Қазақстан Парламенті мәжілісінің депутаттары Қарағанды облысында ереуілдеп жатқан шахтерлар жайында пікір білдірді. 12 желтоқсан 2017 жыл
Спорттан екі жылға шеттетілген қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Астанада баспасөз конференциясын өткізді. Ол қанында допингтің қалай пайда болғанын түсінбейтінін, алған сыйақыларды мемлекет талап етсе қайтаратынын айтты.
Астанадағы салынып бітпеген «Жастар - 4» тұрғын үй кешенінің үлескерлері қала әкімімен кездесуді талап етті.
Астанада Қытайда жазықсыз сотталған этникалық қазақтардың туыстары жиналып, Қазақстан және Қытай биліктерінен араша сұрады.
Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы парламентте "аш адам шығармашылық тұрғыдан табыстырақ болатынын" айтты. Министр сөзіне депутаттар пікір білдірді.
Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары Алматыдағы Фурманов көшесіне президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді жаппай қолдады.
Былтыр көктемдегі жер митингілерінен кейін үкімет жанынан жер комиссиясы құрылған. Әуелде осы комиссия құрамында болып, кейін шығып кеткен белсенді Мақсат Ілиясұлы 29 қарашада парламент мәжілісі мақұлдаған заң жобасы туралы Азаттыққа сұхбат берді.
Мәжіліс депутаттары жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады.
Бірнеше құрылыс компаниясы салған Астанадағы "Махаббат" кешенінің тұрғындары үйден шығып қаламыз деп қауіптенеді. 23 қараша 2017 жыл
Қазақстан парламенті мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Азаттықпен сұхбаты.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Бішкекте: "Шекарада Қазақстан басшысының өзімбілемдігінен блокадаға түстік" деді. Қазақстан парламенті мәжілісінің депуаттары "шекарадағы тексеруді блокада деуге келмейді, орынды шара" деп санайды.
Тағы