Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Астанада көпбалалы аналар жиналып, президент атына хат жазып, билікке он талап қойды. Талаптарының арасында жеңілдікпен баспана беру, жәрдемақыны өсіру, балаларды тегін тамақтандыру мәселесі де бар. Бұл жиынға Астанада өрттен қаза тапқан бес сәбидің қазасы себеп болған.
4 ақпанға қараған түні Астананың Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесіндегі үйдің ауласындағы уақытша баспана өртеніп, бір отбасының бес баласы қаза тапқан.
Азаттық тілшілері сенат депутаттарынан президенттің үкіметті сынауына байланысты сұрап көрді. 30 қаңтарда үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаев министрлердің жұмысын сынап, "қорқақсыңдар" деп сөккен.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет жиынына қатысып, Қазақстандағы банктердің жұмысы, халықтың табысы, еңбекақыны дұрыс төлемейтін кәсіпорындар туралы айтты.
Мәжіліс депутаттары Түркістан, Қызылорда, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында болған әлімжеттік оқиғалар жайында пікір білдірді.
Букмекерлік мекемелерге қарақшылық шабуыл көбейген. Құмар ойынға қызығатындар саны да азаймай тұр. Астанада өткен дөңгелек үстелге қатысқандар "құмар ойынмен күресу үшін заңға өзгертулер енгізу керек" дейді.
Президент Назарбаевтың қатысуымен өткен екі жарым сағаттық кездесудің шығыны жұрт назарылығын тудырды.
Қазақстанда 2019 жыл "Жастар жылы" деп жарияланды. Азаттық тілшілері мәжіліс депутаттарынан "бұл жылы бірінші кезекте жастардың қандай мәселесі шешілуі керек?" деп сұрады.
Жоғарғы сот Владислав Челахқа шығарылған үкімді өзгертпеді. Челах жеті жыл бұрын 14 шекарашы мен бір қорықшыны өлтірді деген айыппен өмір бақиға түрмеге қамалған.
Сириядан қайтарылған Қазақстан азаматтарының террорлық ұйымдарға қатысы тексеріліп жатыр. Олардың кейбірі қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
"Банда полицейлер" туралы видео жарияланғаннан кейін әлеуметтік желіде полицейлердің жұмысына қатысты талқылаулар көбейді
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев журналистермен кездесті. 27 желтоқсанда жазылып, 28 желтоқсанда республикалық арналардан көрсетіледі делінген сұхбат жайлы Ақорда баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Жыл аяғына таман мемлекеттік органдар жұмыстарын қорытындылап жатыр.
20-желтоқсанда Ұлттық банк Біріңғай зейнетақы жинақтаушы қорынан «ҚазАгро» ұлттық компаниясына инвестиция ретінде 450 миллиард теңге бөлетінін хабарлады. Қор қаржысы компания облигацияларын сатып алу үшін 15 жыл мерізімге 10 пайызбен берілмек.
Жол, жарық мәселесі толық шешілмеген Астана іргесіндегі Қоянды ауылына қарасты 5-ықшам аудан тұрғындары ауызсуға зәру.
11 айда игерілмеген 107 миллиард теңгені министрлік басшылары жыл соңына дейін игеруге уәде етті. Мәжіліс депутаттары оған сене ме?
11 желтоқсан – Қазақстанның алғашқы әнұранының бекітілген күні. Азаттық тілшісі үкімет мүшелерінен ескі әнұран туралы сұрап көрген еді
Мәжіліс депутаттары мен энергетика министрлігінің өкілдері энергетика саласының жетістіктері мен проблемаларын талқылады. Жиын өткен күні Астананы тағы көк түтін басты.
«Кинотетрлар қазақ тіліндегі фильмдерді прайм-таймда көрсетуі керек». Осындай талап қойған азаматтар әлеуметтік желілерде петиция жариялап, қол жинап жатыр.
БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Ресейдің күн тәртібіне "Украина әскери-теңіз күштерінің Ресей шекарасын бұзғаны туралы" мәселені шығару туралы ұсынысын көпшілік дауыспен қабылдамаған. Дауыс беру кезінде Ресей ұсынысын жақтаған төрт мемлекеттің бірі - Қазақстан.
Тағы