Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
СІМ Қытайда қос азаматтығы бар деп күдікке ілініп, 29 қазақстандық ұсталғанын хабарлады. Оның сөзінше, Қытайдағы этникалық қазақтарға қатысты 900-ден астам шағым түскен.
Астана қысқа дайын ба? Қар тазалайтын техника мен жылы аялдамалардың жағдайы қалай? Көшелер дер кезінде тазаланып жатыр ма?
Қазақстан мәжілісі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына кіретін азаматтарға арнайы төлем төлеуді міндеттейтін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Ресми жұмысы жоқтардың кейбірі төлемді қалталары көтере алмайтынын айтады.
Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сөз бостандығы жиыны өтіп жатыр. Шараға келген ЕҚЫҰ өкілі Орталық Азия елдерінде журналистерге кедергі көп екенін айтты. Ал Қазақстан ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев бұл пікірмен келіспейді.
Шымкенттегі "Ақжар" ауылының тұрғындары ауызсуға зәру. Олар ондаған жыл бойына "құрттаған су ішуге мәжбүрміз" деп шағымданады. Ал су құбыры жүргізілмеген қала іргесіндегі сегіз ауылда 70 мыңнан аса адам тұрады.
Астана тұрғындары комсомол жастар ұйымының жүз жылдығын атап өту туралы пікірлерін айтты.
Соңғы бір айда Астана қаласындағы бірнеше мектептің сегіз оқушысы «сероздық менингит» диагнозымен ауруханаға түскен. Азаттық тілшілері аталған дертпен ауырып, дәрігерлер көмегіне жүгінген балардың мектебінің біріне барып, жағдайды білді.
Қазақстанда 2018 жылға бөлінген 47 млрд теңге игерілмеген. Қаржы министрі миллиардтаған теңге бюджет қаражатының неліктен игерілмегенін айтты.
Қазақстанда күнкөріс минимумына өмір сүруге бола ма? Кедейлікті жеңудің жолы бар ма?
Қазақстанның мемлекеттік кірістер комитеті жаз айларынан бастап ойын автоматтары бар кәсіпкерлерге ескертпелер тарата бастаған еді. Бірақ облыс орталықтары мен Алматы, Астанадағы дүкендер мен асханалар сияқты қоғамдық орындарда тыйым салынған ойын автоматтарын кездестіруге болады.
Қазақстан билігі мүгедек жандардың құқығын қорғау үшін жаңа ұлттық жоспар құрмақ. Ерекше мұқтаждығы бар тұрғындардың қазіргі жағдайы қандай? Үкімет не өзгертпек?
Сот айыппұл төлеуге кескен Жаңаөзен оқиғасы туралы фильм түсірмек болған франциялық режиссердің ұсталуы туралы Мәжіліс депутаттары не дейді?
Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов АҚШ азаматының полиция басшысына қатысты айыптауларына жауап берді
19 қыркүйекте Қазақстан мәжілісі "Кинематография туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат бойынша елдегі кино саласына бөлінетін қаражатты үлестіріп отыратын арнайы қор ұйымдастырылмақ.
Астана іргесіндегі Қажымұқан ауылында мектеп жетіспейді. Үш ауысымда оқитын балалар кешкі сағат тоғызға дейін мектепте болуға мәжбүр.
Бұдан былай Қазақстанның елтаңбасында "Қазақстан" сөзі латын әрпімен жазылады. Ал барлық мемлекеттік мекемелер маңдайшасындағы үлкенді-кішілі рәміздер ортақ стандарт шыққанша тұра береді. Кейбір сарапшылар бұл қадамды асығыстық деп есептейді.
Қыркүйектің 17-сі күні Астана маңындағы Ильинка ауылында 37 отбасы паналаған баспана күрелмек. Есіл аудандық соты үш қабатты жатақхана заңсыз салынған деген шешім шығарған. Тұрғындар бұл жерден бөлме алғанда алданғандарын, сол себепті үйді күремеуді сұрайды.
Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов президент жарлығымен Астана әкімі болып тағайындалды. Ал бұрынғы әкім Әсет Исекешевтің президент әкімшілігіне барған. Үкіметте болған өзгерістер туралы министрлер не дейді?
Астанада пәтерлерін ала алмай жүрген отыз шақты үлескер қала әкімімен кездесуге келді.
Мәжіліс депутаттары Түркістан облысы, Мақтарал ауданында орамал таққан оқушылардың мектепке кіре алмау мәселесіне қатысты пікір білдірді.
Тағы