Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
12 наурыз - Бүкіләлемдік интернет-цензураға қарсылық күні. Бұл күні интернеттегі еркіндікті қолдау мақсатында 11 жыл бұрын халықаралық ұйымдар бекіткен. Осы ретте Азаттық тілшісі "Қазақстанда интернетке кіру неге қиын?" деген сауалға жауап іздеп көрді.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні астаналық әйелдер автобуста тегін жүрді.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әйелдер мерекесі (8 наурыз) қарсаңында бір топ қазақстандық әйелдермен кездесті. 7 наурызда Ақордадағы кездесуде президент көп балалы отбасыларға көмек көрсету туралы айтты.
Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова "министрлер өңірлерді аралап, әлеуметтік реформаларды түсіндіреді" деді. Азаттық тілшісі депутаттардан "бұл қаншалықты маңызды және жұрт мұндай түсіндіруге мұқтаж ба?" деп сұраған еді.
Астанада үлескерлер тағы жиналды. Баспана аламыз деп, миллиондаған қаржы құйған тұрғындар алты жылдан бері пәтерлеріне қол жеткізе алмай жүргендерін айтады.
Мектепте пәндерді қазақ, орыс, ағылшын тілінде оқыту жүйесі жайлы депутаттар не дейді?
27 ақпанда Астанада "Нұр Отан" партиясының съезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев көп балалы отбасылардағы әр балаға 21 мың теңге беру және халықтың тұрмысын жақсатру үшін бірнеше тапсырма берді. Съезден кейін Назарбаев министрлер мен әкімдер Назарбаевтың тапсырмасы туралы не деді?
Қазақстан үкіметі отставкаға кетті. Президент Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың командасын "ел экономикасын дамыта алмады" деп сынады. Сыннан кейін үкімет отставкаға кетті.
Астана әкімі Бақыт Сұлтанов есеп беріп, жиын өткізді. Әкім қаланың даму жоспарын айтты. Жиынға кіре алмағандар да болды. Астана, 20 ақпан 2019 жыл.
20 ақпанда Алматы мен Астанада қала әкімінің тұрғындарға есеп беру жиынына биліктен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың проблемаларын шешуді сұраған аналар да келді.
Ақпанның 15-і күні Астанада жүздеген әйел қала билігімен кездесуге келді. Олар әкім орынбасарын тыңдамай, Астана әкімі Бақыт Сұлтановтың алдарына шыққанын талап етіп тұрып алды.
Ақпанның 15-і күні "Астана" концерт залына жиналған жүзден астам адам әлеуметтік мәселелерін айтып, қала әкімімен кездесуді талап етті.
Сенат депутаттары бір баланы бағу үшін нақты қанша ақша қажет екенін ашық айта алмады.
Көп балалы аналардың әлеуметтік жағдайды жақсартуға қатысты талабы орындала ма? Мәжіліс депутаттарының пікірі.
Қазақстан үкіметі әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға көмектесетін арнайы жұмыс тобын құрды. Жұмыс тобының міндетін депутаттар талқылады.
Үкімет отырысында премьер-министр бірқатар шенеуніктерге сөгіс жариялап, біреуін қызметінен босатты. Жиналыста көктемгі су тасқынын алдын алу мәселесі мен өрт қауіпсіздігі талқыланды. 12 ақпан 2019 жыл.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова көп балалы аналарды баспанамен қамтамасыз ету және отставка туралы сұрақтарға жауап берді.
Астанадан 30 шақырым жердегі құс фабрикасына таңертең жұмысқа келген 65 жұмысшыны кәсіпорын басшылығы кіргізбей қойған. Бұдан соң екі тарап бір-бірін айыптап, құзырлы органдарға да барып шағым айтты. Жұмыс беруші мен жұмысшылардың өз уәжі бар.
Мемлекетке баспана алу, жәрдемақыны өсіруге қатысты көп балалы аналардың талабына қатысты Қазақстан үкіметінде жұмыс тобы құрылған еді. Ал парламент депутаттары аналардың талабына қарастыруға дайын ба?
6 ақпанда Астанада аналар биліктен жәрдемақы көбейтуді, баспана алуды жеңілдетуді талап еткен. 7 ақпанда Ақтөбеде бір топ көп балалы ана биліктен әлеуметтік мәселелерді шешуді сұрады. Көп балалы аналардың талабына министрлер мен депутаттар не дейді?
Тағы