Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Наразылық танытқан азаматты полиция «қоғамдық тәртіпті бұзды» деп, ұстап әкетті.
Азаттық тілшісі Нұр-Сұлтан тұрғындарынан "Жастарды саяси белсенділігі үшін жазалау қаншалықты дұрыс?" деп сұрады.
Төрт баланың анасы Алмагүл Құмашеваның арманы
Қазақстан үкіметі кезектен тыс президент сайлауына 9,4 миллиард теңге бөлді. Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың сөзінше, ақшаның басым бөлігі сайлау учаскелерінде жұмыс істейтін адамдардың еңбекақысына жұмсалады.
Сенат спикері Дариға Назарбаева "сайлауға түсесіз бе?" деген журналистердің сұрағына жүре жауап берді.
Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымға белгіленген сайлаудың ашық, әділ өтетіне кепіл болатынын айтты. Сайлау әділ өтуі үшін билік не істеу керек? Осы сауалды Азаттық тілшісі фракция жетекшілері мен депутаттарға қойды.
Кезектен тыс президент сайлауын 9 маусымға белгіленуі халыққа ыңғайлы ма? Екі айдың ішінде мұндай саяси науқанға партиялар дайындалып үлгере ме? Осы сауалдарды Азаттық тілшісі Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына қойды.
Қазақстанда 21 мың теңге әлеуметтік көмек алу үшін құжат тапсыру жалғасып жатыр. Құжат қабылдау 1 сәуірде басталған. Бірақ Нұр-Сұлтан қаласындағы көп балалы аналардың кейбірі кезекті сағаттап күтетіндерін, кезегі жеткенде құжат қабылдаушылар басқа қағаз сұрайтындарын айтады.
Азаттық тілшілері елде АЭС салу мәселесіне байланысты депутаттар пікірін біліп көрді.
Нұр-Сұлтан маңындағы Қоянды ауылында тұратын көп балалы отбасы "су басқан үйіміз құлай ма" деп алаңдайды.
Нұр-Сұлтан соты "Настоящее время" арнасының тілшісі Светлана Глушковаға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Судья журналисті залдан шығарып, тыңдауды оның қатысуынсыз өткізді.
Тікұшақ апатынан қаза болған әскерилер отбасына әкімдіктер 1 миллион теңге материалдық көмек беретін болды. Қызмет бабында мерт болған азаматтар үшін бұл лайықты көмек пе?
22 наурызда Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында тікелей эфирде хабар таратқан Азаттық тілшілерінің жұмысына белгісіз топ кедергі келтірді. Ол туралы министрлер не айтты?
Наурыздың 22-сі күні белгісіз топ тікелей эфирде хабар таратқан тілшілердің жұмысына кедергі келтірді. Полицейлер да оларды тыйған жоқ. Министрлер не дейді?
21 наурызда Астана әкімдігінің алдында ондаған адамды полиция ұстап әкетті. Ұсталғандар арасында қала атауын "Нұрсұлтан" деп өзгертуге қарсы шыққандар да бар.
Назарбаев президенттіктен кеткенімен, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қалды. Бұл Назарбаевқа қандай өкілеттік береді? 1995-1996 жылдары Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болған Балташ Тұрсымбаевтың пікірі.
Үкіметтің мәлімдеуінше, Қазақстанда әлеуметтік көмекке мұқтаж көп балалы отбасыларға баспана 1 мамырдан беріледі. Бұған бюджеттен 50 млрд теңге бөлінген.
Халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Светлана Жақыпова "көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындауда үйдегі қариялардың зейнетақысы қоса есептеледі" деді.
Азаттық тілшілері парламент сенаты депутаттарынан Жаңаөзендегі жұмыссыздар мәселесі жайлы пікір сұрады.
Парламент мәжілісінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін ұлттық қордан 250 миллиард теңге бөлу туралы заң талқыланды.
Тағы