Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Нұр-Сұлтан іргесіндегі аналар да билік уәде еткен жәрдемақының кешігіп жатқанын айтады. Астанадан 25 шақырым жердегі Қосшы ауылында тұратын көп балалы әйелдер "бірнеше айдан бері атаулы әлеуметтік көмекті алмадық" дейді. Әкімдік "атаулы әлеуметтік көмек бірнеше күнде берілетінін" айтады.
Нұр-Сұлтанда оң және сол жағалауды байланыстыратын көпірді салып жатқан ондаған жұмысшы жалақы алмағанына наразылық танытты. Құрылысшылардың сөзінше, құрылыс компаниясы жыл басынан бері айлық төлемей келеді.
Шілденің 10-ы күні Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық № 2 сотында Қазақстан білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиеваға айыппұл салып, сот залынан босатты. Саясаткер сот шешімімен келіспейді
"Арыз жазыңыздар". Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 6 шілдеде Нұр-Сұлтанда Азаттық радиосының тілшілеріне кедергі келтіргендердің үстінен шағымдануға кеңес берді.
6 шілде күні Қазақстанның бірнеше қаласында билікке қарсы митингіге шықпақ болғандарды полиция ұстап әкетті. Осы оқиғалардан тікелей байланыста хабар таратып жүрген Азаттық тілшілерінің жұмысына белгісіз біреулер кедергі жасады. Полиция шара қолданған жоқ.
Нұр-Сұлтан қаласында өткен митинг кезінде полиция ондаған адамды автобустарға күштеп мінгізіп алып кетті. Қара киімдегі, медициналық маска киіп, қолшатыр ұстаған әлдекімдер Азаттық тілшілерінің жұмысына кедергі келтірді. Полиция басшылығы олардың әрекеті туралы комментарий бермеді.
Сайлау күні полиция ұстаған және айыппұл алғандардың шағымы сотта қарала бастады. 4 шілдеде Астана қалалық соты наразылықтан кейін жазаланғандардың шағымын қарай бастады
Арыстағы жарылыстан кейін тұрғындар қалаға қайтпайтынын айтып, наразылыққа шықты. Шымкенттегі орталық алаңға жиналған наразы топ «Арысқа оралу қауіпті, билік бізге Шымкенттен үй берсін» деп талап қойған. Арыс жұртының талабы орынды ма? Мәжіліс депутаттарының пікірі.
Әлеуметтік желіде «Нұр-Сұлтанның туған күніне бөлінген қаражатты Арысқа беру керек» деп ұсыныс айтып жатқан қолданушылар бар.
Маусымның 21-і күні Нұр-Сұлтанда ондаған үлескер жиналып, тұрғын үй кешенін салып береміз деген құрылыс компаниясынан ақшаларын қайтара алмай жүргенін айтып, шағымданды.
Президент сайлауы өткен соң сайлауда бақылаушы болған бір топ қоғамдық белсенді Respublica атты саяси қозғалыс құратындарын мәлімдеді. Сол ұйымның мүшесі Белла Орынбетова AzattyqLIVE хабарының сарапшысы болды. Хабарда сайлау және сайлаудан кейінгі жағдай талқыланды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше Нұр-Сұлтан мен Алматыда маусымның 9-10 күндері полиция 700 адамды ұстап, олардың 550-і әкімшілік жазаға тартылған. Биліктің наразыларға қатысты әрекеті жайлы депутаттар пікірі қандай?
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы кезінде бірнеше журналист ұсталып, интернет бұғатталды. Алматыда бір тілшіге полиция күш көрсеткенін билік мойындады. Ішкі істер министрлігі бұл туралы не айтты?
Қазақтандағы кезектен тыс президент сайлауына төрт күн қалды. 11 мамырдан басталған үгіт-насихат жұмыстарының аяқталуы да жақын. Осыған орай Азаттық тілшісі мәжіліс депутаттарынан үгіт науқаны әділ өтті ме деп сұрады.
Қазақстанда саяси бәсеке бар ма? Бұл туралы Азаттық тілшісі қоғам қайраткерлері мен бұрынғы кандидаттардан сұрап көрді.
Нұр-Сұлтандық теміржолшылар "жұмыссыз қалдық" деп наразы. Ал компания басшылығы "бұл уақытша ғана қиындық, ешкім жұмыстан шығарылған жоқ"дейді.
Нұр-Сұлтанда балконнан "Сайлауға бойкот!" деп айқайлаған қала тұрғыны сотқа тартылып жатыр. Оған қоғамдық тәртіпті бұзудан өзге "полицияға бағынбады" деген айып тағылған.
9 мамырда Нұр-Сұлтанда қолшатыр ұстаған белгісіз екі адам Азаттық тілшілерінің жұмысына кедергі келтірді.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Қазақстанда 9 маусымда өтетін президент сайлауына бақылау миссиясын бастады. Миссия басшысы Уршула Гацек Нұр-Сұлтан қаласында 11 сарапшы бар топ құрылғанын мәлімдеді.
1 мамырда Нұр-Сұлтанда митингіге қатысқан тұрғындардың бірі Ермекбол Тілеухан полиция департаментіне шақырту алды. Полиция оның үстінен іс қозғамақ.
Тағы