Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай басшылығымен кездесуде қандай мәселелерді көтеруі керек деп ойлайсыз?" Азаттық тілшілері бұл сауалды парламент депутаттарына қойды.
Қазақстан мәжілісінің депутаты Владимир Божко Азаттық тілшісіне "халық мемлекетке тізерлеп, алғыс айту керек" деген сөзі жайлы пікір білдірді.
Елдің бірнеше қаласында "Қытай экспансиясына қарсы" наразылық шаралары өтіп жатыр. Азаттық тілшісі депутаттардан "Наразылыққа шыққандардың пікірімен келісесіз бе? Бұл мәселе парламентте көтеріле ме?" деп сұрады.
Үкімет атаулы әлеуметтік көмек ретінде берген ақшасын кейбір шаңырақтан қайтарып алмақ. Мәселен, Нұр-Сұлтан іргесіндегі Қоянды ауылының бірнеше тұрғынын жергілікті әкімдік "табыстарын жасырды" деп айыптап отыр. Бірақ әйелдер "кінә бізден емес" дейді.
Білім және ғылым министрлігінде істейтін шенеунік әріптестерін айыптап, мәлімдеме жасады. Министрліктің әкімшілік департаментінің директоры Анар Қайырбекова "мемлекеттік сатып алу департаменті жемқорлықпен айналысып отыр" дейді. Білім және ғылым министрі бұл шағымнан хабардар болып шықты.
Мүгедек бала бағып отырған астаналық әйелдер наразылық білдірді. "Халіміз қиын болса да, биліктің әлеуметтік көмегіне ілікпейміз" деген он шақты анаға полиция қызметкерлері жол бөгеді.
23 тамызда Нұр-Сұлтанда бір топ белсенді алдымен Қазақстандағы АҚШ елшілігі, кейін Әзірет Сұлтан мешіті алдында наразылық шарасын өткізді.
Қазақстанның бұрынғы президенті, биліктегі "Нұр Отан" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 21 тамызда Нұр-Сұлтанда өткен партияның саяси кеңесінің жиынында биліктен көмек сұраған отбасыларды сынады.
20 тамызда ондаған әйел Нұр-Сұлтан әкімдігіне келіп, "билік беретін 30 мың теңгелік сертификат баланы мектепке киіндіруге жетпейді" деді. Әкімдіктің өкілдері әйелдердің айтқанымен келіспейді.
16 тамызда Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Тамыз конференциясында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді міндетінен тыс жұмысқа тартатын әкімдерді сынады. Ол үкіметке осы мәселені шешуді тапсырды.
Жыл басынан бері Қазақстанда ондаған митинг пен бір адамдық пикет өтіп, әдеттегідей билік наразылардың кейбірін қамап, басқаларына айыппұл салып жатты. Алайда құқық қорғаушылар соңғы бірер айда "кішігірім акцияларды полиция бақылап қана жүретін үрдіс қалыптасты" дейді. Бұл "жылымық" па?
Нұр-Сұлтан тұрғындары "Берекелі баспана" бағдарламасына құжат өткізіп қойып, үйлеріне бір жарым айдан бері кіре алмай жүр. Өткен аптада наразылық білдіріп келгендерді бағдарламаға жауапты мекеме өкілі "кілттеріңді келесі аптада аласыңдар" деп қайтарған. Бірақ тұрғындар үй кілтін әлі алмағандарын айт
Нұр-сұлтандық көп балалы әйел "баспанам бұзылса бала-шағамен қаңғырып қалам ба" деп алаңдайды. Айтуынша, қазір жалдап тұрып жатқан үйін әкімдік күреп тастамақ. Ал басқа жақтан арзанға пәтер табу қиын.
Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Қамыстыбас көлінің санитарлық жағдайы сын көтермейді. Демалушылар "жағажайдағы қоқыстан аяқ алып жүре алмаймыз" дейді. Ал табиғаттың тазалығына жауаптылар көлге келушілердің өздерін кінәлайды.
Үкімет кредиті кешірілетіндердің тізімін жасады. Тізімде 500 мыңға жуық адам бар.
6 тамызда Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері Қазақстан түрмелерінде азаптау фактілері болып тұратынын айтты. Комитет басшысы "елдегі 82 түрмені бақылауды ұстау мүмкін болмай тұрғанын" мойындады.
Нұр-Сұлтанда көп балалы әйелдің «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуына үш теңге кедергі болған. «Үш теңге үшін енді жұмыстан шығуым керек пе?» дейді Гүлдариғаш Қауқабаева есімді әйел.
Сот жеңіл жаза тағайындады деп шағым айтқан ондаған адам шілденің 31-і күні жоғарғы сот ғимаратының алдына жиналды.
Нұр-Сұлтан соты "Атажұрт еріктілері" қоғамдық ұйымының жетекшісі, Қытайдағы аз ұлттардың құқығын қорғап жүрген Серікжан Біләштің ісін Алматы сотының қарауын беру туралы шешім шығарды. Белсендіні үйқамақта ұстау шарасы күшінде қалды. Біләштің жақтастары оған бостандық беріп, қудалауды тоқтатуды талап
Әскери қойма жарылып, үш адамның өмірін жалмаған Арыстағы апатқа бір ай толды. Жарылыс кезінде жараланған үш адам әлі аураханада жатыр.
Тағы