Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Қазақстанда мереке күндері жолаушылар пойызға билет іздеп әбігерге түседі. Әсіресе, ірі қалаларға қатынайтын пойыздарға билет табу қиын. Жолақы құны да қымбаттайды. Азаттық тілшілері Жаңа жыл қарсаңында Нұр-Сұлтандағы теміржол бекетінде билет іздеп жүрген жұрттың шағымын тыңдап қайтты.
Жыл аяқталуға екі апта қалғанда бюджеттің 50 млрд теңгесі игерілмеген. Бұл туралы үкіметте 11 айдың қорытындысын жасаған қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді. Қаржыны жаратпаған министрлер болса, әлі уақыт барын айтып ақталды.
16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында, Алматы мен Нұр-Сұлтанда бірнеше белсенді ұсталып, қамалды. Кешелі бері басталған бұл үрдіске байланысты Азаттық тілшісі мәжіліс депутаттарынан пікір сұрады. 11 желтоқсан 2019 жыл.
Қазақстанда "Жастар жылы" аяқталып, "Еріктілер жылы" басталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ел болашағы жастардың қолында, азаматтық позициясын ашық айтатындарға әрдайым қолдау бар" десе де белсенділер қысым көрген жастардың аз емесін айтады.
Халықаралық ұйымдардың былтырғы дерегінше, жемқорлық бойынша Қазақстан әлемдегі 180 елдің ішінде 124-орында тұр.
Нұр-Сұлтан маңындағы Қосшы ауылында "Қытайдың үйрету лагерінде бір жылға жуық отырдық" деген ерлі-зайыпты тұрады. Айтуларынша, Шыңжаңда 30 жыл мемлекеттік қызмет істеп, зейнетке шыққан. Мұратхан Айдарханұлы мен Зағи Құрманбайқызы 2016 жылы Қазақстанға көшіп келген. Бірақ Қытайға жиі барып-келіп жүрг
Ақмола облысы тұрғыны Қарақат Әбдеш Қытайдың саяси қуғын-сүргіні басталған сәтте күйеуі мен қайын атасы қылмыстық жазамен сотталып кеткенін айтады. "Содан бері Қазақстан билігіне талай шағымдансақ та жөнді жауап болмады" дейді.
22 қарашада белсенді Санавар Закирова Нұр-Сұлтандағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне барып, садақа сұрады. Ол мешітке келген жамағаттан «Нұр Отан» партиясына берешек моральдық шығынды жинамақ болды. Мешітке келген әйелді полиция ұстап, кейін оған айыппұл салды.
30 жылда қарапайым қазақстандықтардың, мәселен тұрмысы төмен, көп балалы отбасылар мен жетім-жесірлердің баспана проблемасы шешілді ме? Осы сауалды мәжіліс депутаттарына қойып көрдік.
Баспанасы үшін берілетін өтемақыға наразы ондаған саяжай тұрғыны әкімдікке келді. Олар "ұсынылған қаражатқа баспана ала алмаймыз" дейді. Қала жоспарына сәйкес, саяжайдағы 150 үйдің орнына аурухана мен көп қабатты тұрғын үй салынады. Билік тұрғындарға 9-10 млн теңге ұсынған.
Нұр-Сұлтанда өткен демалыс күндері қар қалың жауып, тұрғындар әбігерге түсті. Қалада қардан тазалау әлі жалғасып жатыр.
Қытай шекарасынан заңсыз өтіп, Қазақстанда екі айға қамалған Шыңжаң қазақтары Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлын ісі қалай шешілуі керек? Азаттық бұл сұрақты мәжіліс депутаттарына қойды.
11 қазанда Ақтөбе облысындағы Жаңажол мен Кеңқияқ мұнай кеніштерін бұрғылайтын "Шығыс-мұнай және сервистік қызмет" (Құжаттағы атауы – "Восток нефть и сервисное облслуживание") компаниясының жұмысшылары жалақы өсіруді талап етіп, компания кеңсесіне келді.
Сенат депутаттары шеруге баласын ертіп барған ата-анаға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 10 күнге әкімшілік қамау жазасын енгізуді ұсынды. Бұл ана мен бала құқығын шектеу емес пе? Азаттық тілшісі парламент депутаттарынан сұрап көрді.
"Инвестицияны қорғау" деген не? Ол құжат парламентке келген бе еді?
Өткен аптада Қазақстанда ондаған адам "бейбіт митинг өткізу заңын бұзды" деген айыппен жауапқа тартылған. Олардың арасында 10-15 тәулікке қамалғандар бар. Азаттық тілшісі сенат депуттарынан "Билік рұқсат бермеді деп, митингілерге шыққандарды қамау, жауапқа тарту қаншалықты орынды " деп сұраған.
Қазақстанның бірнеше қаласында болмай қалған наразылық шарасы алдында ондаған адамды полиция ұстады. Адамдар "Қытай экспансиясына қарсы" екенін білдіріп, саяси тұтқындарды босатуды талап етті.
22 қыркүйекте Қазақстанда мемлекеттік тіл күнін атап өтеді.
"Сүйегі осал" деп диагноз қойылған балалардың ата- аналары биліктен көмек сұрады.
Бүгін Нұр-Сұлтанда қаласында көпірден бір адам секірмек болды. Ол тұрмысының қиын екенін, баспанасы жоқ, пәтер жалдап жүргенін айтты. Құтқарушылар жігітті бір сағаттан соң түсіріп алды. Оның талабын тыңдаған психолог "жігіт үнін естірткісі келеді" деді. Ал полиция оның тәртіп бұзғанын айтты.
Тағы