Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Қоғамда сынға түскен бейбіт жиындар туралы заң жобасын ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәжіліске таныстырды. Депутаттар заңда полицейлер этикасы мен құқығы қарастырылмаған десе, құқық қорғаушылар мен белсенділер заңды адам құқығына қайшы деп бағалайды.
Биліктегі "Нұр Отан" саяси партиясы 18 наурызда өтетін саяси кеңесінің отырысына дайындалып жатыр. Кей сарапшылар оны "Қазақстанның саяси өміріне монополия орнатты" деп сынайды. Азаттық тілшілері Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент пен Қызылорда тұрғындарының билік партиясы туралы пікірін сұрады.
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан соң елдегі дәріханаларда маска тапшы екенін айтады.
Денсаулық сақтау министрлігі күнде коронавирусқа дайындық жайлы есеп беріп жатыр. Бұл елде вирус жұқтырғандар жоқ. Қазақстан медицинасы коронавирусқа дайын ба? Бұл сауалды Нұр-Сұлтан тұрғындарына қойып көрдік.
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде - қала я облыс әкімдіктерінің маңында - арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады.
Нұр-Сұлтандағы билікке қарсы наразылық.
27ақпанда Ақмола облысы Талапкер ауылында Дулат Ағаділді ақтық сапарға шығарып салды. Екі күн бұрын Нұр-Сұлтандағы тергеу абақтысында жұмбақ жағдайда көз жұмған белсендімен қоштасуға, қатты боранға қарамастан, мыңнан астам адам келді.
Қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің полиция қамағаннан кейін абақтыда қаза болуына кім кінәлі? Азаттық осы сауалды парламент мәжілісінің депутаттарына қойды.
25 ақпан түнде Қазақстан ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында ондаған адам белсенді Дулат Ағаділді еске алып, шам жақты
22 ақпанда билікке қарсы наразылық кезінде ұсталған нұр-сұлтандық белсенділердің айтқаны. Сенбіде елде билікке қарсы митингіде, құқық қорғаушылардың есебінше, 300 адам ұсталған.
22 ақпан күні Қазақстанның бірнеше қаласында болған митинг кезінде жүзден астам адам ұсталды.
Азаттық тілшісі мәжіліс депутаттарынан "болмаған митинг үшін азаматтарды жазалау қаншалықты орынды және бұл адам құқығын бұзу емес пе?" деп сұрап көрді.
24 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин 2019 жылы халықтың табысы 5,5 пайызға өсті деп мәлімдеді. Жұрттың табысы шынымен өсті ме?
Екі күн бұрын Нұр-Сұлтанда "Астана Опера" театрының алдында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шығуын талап еткен әйелдер "қысым көріп жатырмыз" деп шағымданды. Айтуларынша, полиция үйлеріне келген, сотқа апарып, әкімшілік жазаға тартқан.
Депутаттар пікірі
“Қытай билігі күйеуімді заңсыз ұстап, Қазақстанға жібермей отыр” деген Фарида Қабылбек 20 қаңтарда Нұр-Сұлтандағы Қытай елшілігі алдында бір адамдық пикет өткізді.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында құрылыс жүруі тиіс аймақта үйі орналасқан нұрсұлтандық қариялар ескі баспанадан көшпей отыр. Олар билік ұсынған өтемақыға разы емес. Зейнеткерлердің сөзінше, әкімдік оларға "екі бөлмелі үйдің орнына, бір бөлмелі пәтер алыңдар" деген.
Нұр-Сұлтанда 50 мыңға жуық отбасы пәтер кезегінде тұр. Солардың бірі - мүгедек бала бағып отырған Біләловтер шаңырағы. Баспана сұрап жүргендеріне 13 жыл болған. Отбасының тұрмысына билік назарын адарса деп суретші Асхат Ахмедьяров арнайы акция өткізген.
Нұр-Сұлтанда көп балалы, жалғызбасты және мүгедек бала тәрбиелеп отырған ондаған әйел жәрдемақының жаңа форматына қарсы шығып, 13 қаңтарда билікке келді.
Билік “жәрдемақы төлеу тәртібін жетілдірдік” десе де Қазақстанда үкіметтен әлеуметтік көмек талап етіп жүрген көп балалы әйелдер наразылығы тағы жалғасты. 6 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласындағы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне келгендер “жаңа тәртіптің кемшілігі көп” десті.
Тағы