Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Елді 30 жыл билеген экс-президент қызының билікке қайта ұмтылуы дұрыс па? Бұл сауалдарға депутаттар мен қарапайым тұрғындар жауап берді.
"Нұр Отан" партиясы съезд өткізіп мәжіліс сайлауына кандидаттар ұсынды. Арасында партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көктемде ғана сенат спикерлігінен кеткен қызы Дариға Назарбаев бар. Жиын өтіп жатқан ғимаратқа тілшілер кіре алмады. Съезді журналистер бір шақырымдай жерден бақылады.
20 қарашада "Ақ жол" партиясы съезд өткізіп, 10 қаңтардағы мәжіліс пен мәслихат сайлауына кандидат ұсынды. Өздерін билік партиясына бәсекелес деп есептейтін ақжолдықтар жиында "Нұр Отан" төрағасы, экс-президент Назарбаевты көп мақтады. Алайда Азаттық тілшілерін залға кіргізбеді.
Азаттық 20 қарашада Нұр-Сұлтанда өткен "Ақ жол" партиясының парламент сайлауы алдындағы съезінен соң Перуашевтен "жылағаныңызға өкінесіз бе?" деп сұрады.
Жақында ғана атауы "Адал" болып өзгерген бұрынғы "Бірлік" партиясы мәжіліс сайлауына 20 кандидат ұсынды. Партия алдағы сайлауға қызу дайындалып жатырмыз дегенімен, жеңіске ұмтылыс байқалмайды.
Нұр Сұлтан әкімдігіне баспана мен үстемақы талап еткендер жиналды. Екі топ бір уақытта, биліктен көмек сұрап, наразылық білдірген. Коронавирус жұқтырғандар күрт артқанда жедел жәрдем қызметкерлері "жұмыс көбейгенімен, жалақы азайды" дейді. Ал мүгедек баласы барлар баспана талап етті.
Марқұм белсенді Дулат Ағаділдің ұлы Жанболаттың кісі қолынан қаза тапқанына бір апта болды. 17 жастағы жігіттің өлімінен кейін "абайсызда пышақтап алдым" деген күдікті "полицейлерге алданып қалдым" дейді. Күдікті жігіт адвокатымен бес күннен соң кездескенін де айтады.
13 қарашада Нұр-Сұлтан іргесіндегі Талапкер ауылында жұрт Жанболат Ағаділді ақтық сапарға шығарып салды. 11 қарашаға қараған түні кісі қолынан қаза тапқан Жанболаттың жаназасына туыстарынан бөлек Қазақстанның әр өңірінен саясаткерлер, белсенділер қатысты.
Нұр-Сұлтан соты блогер әрі тәуелсіз журналист Айгүл Өтепованы психикалық науқастарды емдейтін орталыққа жатқызуға шешім шығарды. Бұған оның жақындары мен адвокаты наразы. Олар сот шешімін "биліктің белсенділерге қысым көрсету әрекетіне ұқсайды" деп бағалайды.
Нұр-Сұлтанда төбелес кезінде азаматтық белсенді Дулат Ағәділдің ұлы Жанболат Ағаділ көз жұмды. Оқиға 10 қараша түнде 11 шамасында Көктал шағын ауданында болған. Полицияның мәліметінде, бір топ жас бала жанжалдасып, екі адам пышақталған
Қазақстанда алдағы мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысуға мүмкіндігі бар алты партияның бәрі саяси науқанға араласа ма, жоқ па, әлі белгісіз. Ешбірі құрылтайын да өткізген жоқ.
Бір кездері Торғай облысының орталығы болған Арқалық қаласында боксит кенін өндіретін "Торғай кен басқармасы" жұмысын тоқтатпақ. Компания мұның себебін өңірде кеннің таусылғанымен түсіндіреді.
Қазақстанда азаматтық белсенділігі үшін қудаланып жатқандардың арасында діндар Әбдукәрім Хасан да бар. Ол марқұм белсенді Дулат Ағаділдің үйіндегі астан кейін он тәулікке қамап, айыппұл алған.
Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше азаматтық белсенді мен адвокат өздеріне полиция департаментінде бір әйел шабуыл жасағанын, құзырлы орган өкілдері оқиғаны үнсіз бақылап тұрғанын айтады. Ал екінші тарап "белсенділер мені сыртымнан видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде қаралады" дейді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түрмедегілерге рақымшылық жариялайтынын мәлімдеді. Жеңілдікке кім және қанша адам ілінетіні айтылған жоқ. Елде саяси себептермен сотталғандар түрмеден шыға ма?
Қазақстан билігі "Бейбіт жиындар туралы" заңды өзгертіп, оны "демократиялық жетістікке" баласа да елде митингілер қарсаңында белсенділерді ұстау, әкімшілік жауапқа тартып, бірнеше күнге қамап тастау жиі қайталанады.
Кейінгі тәулікте Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус індеті өршіді. Облыс вирус жұқтырғандар саны бойынша астанадан кейін екінші орында тұр. Өңірде коронавирус инфекциясының таралуына не себеп?
Қазақстанда вирус жұқтыру қаупі артқаны айтыла бастады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "елде пандемияның екінші толқыны басталуы мүмкін" деп ескертеді. Азаттық мәжіліс депутаттарынан "билік екінші толқынға дайын ба?" деп сұрап көрді.
Қырғызстандағы ел толқуынан кейін Садыр Жапаров премьер-министр боп тағайындалған. Бірақ оппозиция лидерлерінің бірі, Жогорку Кенеш депутаты Эльвира Сурабалдиева "саясаткерді толық ел қолдамайды" дейді. Азаттық Қырғызстандағы жағдай туралы депутатпен сұхбаттасты.
25 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда қуғындағы банкир, шетелде тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов шақырған бейбіт митингіге келген жұрт билік жүйесінің өзгеруін, саяси тұтқындарға бостандық берілуін, несиенің кешірілуін талап етті. Кейбірі "Назарбаев, Тоқаев кетсін!" деді.
Тағы