Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Калачи – Ақмола облысындағы шағын ауыл. 2013 жылы ауылда белгісіз "ұйқы дерті" басталған – жергілікті тұрғындар аяқ астынан бірнеше күнге ұйқыға кетіп, сандырақтап, оларды ояту қиынға соққан еді. Азаттық Калачи ауылының бүгінгі жағдайымен танысып қайтты.
Қостанай облысындағы Құмкешу ауылында тұратын ерлі-зайыпты Мырзекеевтер 120 литр қымыз дайындайды. Короновирус өршіген кезде ауылдастарына қымыз беріп көмектескен. Отыз үш бие ұстайтын шаруа үкімет жылқыға субсидия беріп, қолдау танытса дейді.
Биліктен баспана, әлеуметтік жәрдемақы сұрап, жиі наразылық өткізіп жүрген бір топ әйел 8 қыркүйекте қаңғыбас ит-мысыққа арналған ғимаратта бір түн қонып шықты. Олар "үкімет адамды жануардан кем көреді" деп шағымданады.
Бұрынғы Торғай облысының орталығы болған Арқалық қаласы қазір Қостанай облысына қарайды. Мұндағы жалғыз кәсіпорын - Торғай боксит кені басқармасы 2021 жылы жұмысын тоқтатады деп жоспарланған. Азаттық тілшілері моноқаланың қазіргі жағдайымен танысып қайтты.
Нұр-Сұлтанда үлескерлер 8 жыл күтіп, құрылысы енді аяқталған үйлеріне әлі қол жеткізе алмай жүр. Ендігі дау үлескерлер мен тұрғын үй кооперативі арасында пайда болған. Кооператив жарна төлемеген тұрғындарға кілт берілмейтінін айтады.
Ипотекалық борышкерлер Ақорда маңына жиналып, президенттен тағы да көмек сұрады. Олар он жылдан асса да даудың әлі шешілмегенін, әбден мезі қылғанын айтып, биліктен төленбей қалған қарызға кешірім жасауды талап етеді.
Қазақстанда билік партиясы "Нұр Отанның" ішінде праймериз басталды. Партия төрағасы, Қазақстанның бұрынғы президенті мұндай қадам арқылы "елде саяси реформа жасауды" көздейді. Бірақ "Нұр Отанды" сынаушылар "билік реформа жасағысы келсе оппозициялық партияларды тіркесін" дейді.
Беларусьтегі жағдай жайлы қазақстандықтар пікірі.
Қазақстанда карантин жеңілдеді. 17 тамыздан бастап базар, ірі сауда, ойын-сауық орталықтары ашылды. Кәсіпкерлер карантин кезінде жұмыссыз қалып, шығынға батқандарын айтса, денсаулық сақтау министрлігі шектеу тағы қатаюы мүмкін дейді.
Қазақстанда сенаттың бос тұрған 17 орнына депутат сайлау аяқталды. Заңға сай, оларды жергілікті мәслихат депутаттары таңдады. Алайда оппозициялық партия жетекшісі сайлау әділ өтпейді десе, қарапайым тұрғындар науқан жөнінде естімегендерін айтады.
"Демократиялық партия" құрғысы келетін бастамашыл топ президент Қасым-Жомарт Тоқаев атына жазылған "жүз мың адамның арызын" оның әкімшілігіне апарып тапсырды.
Нұр-Сұлтанда бірнеше бала ерткен екі әйел биліктен көмек сұрап, министрлер үйінің алдына барды.
Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда 6 шілде – қала күні кешке жасалған отшашу жұрт арасында қарама қайшы пікір тудырды. Оны қолдап жатқандар да бар, алайда елді індет жайлап, өлім-жітім көбейгенде мұндай шараны биліктің безбүйректігіне балап, сынап жатқандар әлдеқайда көп.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа оның есімі берілген ел астанасында тағы бір ескерткіш орнатылды. Бұл жолы Назарбаевтың ескерткіші Ұлттық қорғаныс университетінің алдына қойылды.
Нұр-Сұлтан қаласында 6 шілдеде тойланатын Астана күні мерекесіне дайындық жұмыстары байқалды. Азаттық тілшісі мерекенің қалай өткелі жатқанын анықтауға тырысып, қала тұрғындарының пікірін білді.
Нұр-Сұлтан іргесінде жаңа салынған жұқпалы аурулар орталығында COVID-19 жұқтырып, ауыр халде жатқандар бар. Арнайы аппаратқа жалғанғандардың кейбірі ес-түссіз. Азаттық тілшілері орталық ішіне кіріп, палаталарды аралап шықты. 200 адамға арналған аруханада 400-ге жуық қызметкер жұмыс істейді.
Министрлер үйінің алдында наразылық білдіріп, екі күн түнеген әйелдерді 10 маусым таңертең қорғаныш киімін кигендер күштеп әкетті. Олар биліктен жәрдемақы мен баспана талап еткен. Кейін сот наразы әйелдердің бірнешеуін "қоғамдық тәртіпті бұзды, карантин ережесін сақтамады" деп айыппұлмен жазалады.
Нұр-Сұлтанда екі күн еңбек министрлігі алдында түнеп, наразылық білдірген әйелдерді полиция күштеп әкетті. Басқармаға апарып, коронавирусқа байланысты тест алмақ болған. Әйелдердің сөзінше, кейбіріне айыппұл салған, кейбіріне сотқа шақыру қағазын ұстатқан.
Қазақстан соты экстремистік деп таныған тіркелмеген "Көше партиясы" қозғалысының бір топ белсендісі Нұр-Сұлтан қаласындағы уақытша қамау изоляторының алдында наразылық акциясын өткізді. Олар 6 маусымдағы митингіден соң қамалған үш белсендіні бостауды талап етеді.
Нұр-Сұлтанда көп балалы әйелдер аштық жариялайтынын айтып, еңбек министрлігі алдында отыр. Олар үкіметтен баспана, әлеуметтік жәрдемақы талап етеді. Орындалмаса министрлік алдында түнеп шықпақ.
Тағы