Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Қызылорда облысы Шаған ауылының тұрғындары үкіметтен жалға алған жерін осыдан 15 жыл бұрын кәсіпкердің пайдалануына беріп, енді соны кері қайтарып ала алмай жүр. Олар ауыл ортасына жиналып, талап-арызын айтты.
Қазақстанда жоғарғы соттың судьясы өткен аптада пара алып жатқан жерінен ұсталғаны айтылса да, ресми ақпарат өте аз. Оған ақшаны өзінен лауазымы төмендеу, Түркістан қаласының судьясы жіберген. Ал сарапшы елдегі сот жүйесін жемқорлық жайлағанын, судьялар бірі біріне пара беруден тайынбайтынын айтады.
Қазақстан үкіметі мен парламенті бір жылдан бері "карантин" деп жабық тұр. Нақтырағы тек журналистер үшін жабық. Осылайша билік елдегі бас мекемелерден тілшілердің ақпарат таратуына кедергі келтіріп отыр.
Азаттық тілшісі нұр-сұлтандық тұрғындардан "Қоластындағылар жемқорлықпен ұсталса, кім жауапты?" деп сұрады.
Бүгін, 11 ақпан мемлекет қайраткері, оппозиция лидері Алтынбек Сәрсебайұлының кісі қолынан қаза тапқанына 15 жыл толды. Азаттық депутаттардан "оппозициялық саясаткердің құпия қазасының шындығы ашылды ма?" деп сұрады.
Атырау облысының соты "жер митингілерінен" кейін бес жыл қамауда отырып шыққан белсенді Макс Боқаевтың "үш жыл әкімшілік қадағалауда болу керек" деген сот қаулысына қарсы апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Сот шешімі бірден күшіне енеді және шағымдануға жатпайды.
Қазақстанда "Шыңжаңда туыстарым қамалды" деген адамдардың шағымы көбейді. Ол бірнеше күннен бері Алматыдағы Қытай консулдығына барып, Шыңжаңда қалған жақындарын босатуды талап етіп жүр. Қазақстан мәжілісінің депутаттары Қытайда жақындары қалып қойған қазақстандықтардың мәселесінен хабардар ма?
2020 жылғы ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданында болған қазақтар мен дүнгендер арасындағы ұлтаралық жанжал салдарынан 11 адам мерт болып, ондаған азамат жараланған. Бұл оқиғаға бір жыл толды. Осы уақыт аралығында не өзгерді? Билік мәселені шеше алды ма? Азаттық депуттардан сұрады.
Қазақстанның салық органдары үкіметтік емес ұйымдарға қозғаған әкімшілік істерді тоқтатты. Былтыр қарашада адам құқығы, сөз бостандығы, әділ сайлау мәселесімен айналысатын бейүкіметтік ұйымдарды жаппай тексеру басталған, олардың бірқатарына айыппұл салынған.
Екі жыл бұрын Нұр-Сұлтан іргесіндегі Көктал шағын ауданында үй өртеніп, бір шаңырақтың бес баласы түгел қаза тапқан. Сол қайғы Қазақстан қоғамын дүр сілкіндіріп, соңы ұзаққа созылған әйелдер наразылығына ұласқан. Не өзгерді? Билік елдегі көп балалы шаңырақтардың әлеуметтік мәселесін жеңілдететін тиі
Қазақстанда ресми ақпарат бойынша, 700 мыңнан астам мүгедек бар. Олардың жартысынан көбі еңбекке жарамды. Бірақ елде ондай адамдар жоғары лауазымды қызметке тағайындалмайды, парламенттің қос палатасында да мүгедек депутат жоқ. Неге?
Қазақстан биологтары елдің орталық және батыс аймақтарын жалғайтын жол құрылысы киік көшіне кедергі туғызып, жабайы жануардың азайып кетуіне әсер етуі мүмкін деп алаңдайды. "Орталық-Батыс" көлік жолы киікке зиян тигізе ме? Азаттықтың түсірілім тобы Ақмола облысындағы жағдаймен танысып қайтты.
Қазақстан үкіметі латын графикасына негізделген жаңа әліпби нұсқасын ұсынды. Бұған дейін де бірнеше нұсқасы қабылданып, бірақ соңы үлкен дауға айналған. Соңғы нұсқаны да көп маман "бұрынғымен салыстырғанда тәуір екен" десе де ,бәрі бірдей мақтай жөнелген жоқ.
Ақтөбедегі Қытай компаниясы мұнайшыларының наразылығы әлі де жалғасып жатыр. Ереуілге шыққан жұмысшылар айлықты 100 пайыз көтеруді талап етеді. Еңбек дауы қалай шешілуі керек? Мәселе парламентте көтеріле ме? Азаттық осы сауалдарды сенат депутаттарына қойды.
Қазақстанда ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы ресейлік вакцина салына бастайды. Денсаулық сақтау министрлігі "дайынбыз" деп мәлімдесе де, кей тұрғындар "екпе салдыруға әзір емеспіз" дейді.
Қытайдағы саяси қуғын-сүргіннен қашып, Қазақстаннан босқын мәртебесін алған екі қазақ 21 қаңтар түнде соққыға жығылды. Қайша Ақанға Алматыда, Мұрагер Әлімұлына Нұр-Сұлтанда шабуыл жасалған. Екеуі де бұл оқиғаны кездейсоқ жағдай деп есептемейді.
Нұр-Сұлтанда дәріхана иелері денсаулық сақтау министрінің дәрі-дәрмек бағасына байланысты бұйрығына наразы. Құжатта жүзден астам дәрінің бағасын өсіруге шектеу қойылған. Алайда фармацевттер "бұйрық кәсіпкерлерді банкрот қылады" дейді.
Қазақстанда 17 қаңтарда коронавирус жұққан 1003 адам анықталған. Бұл - кейінгі бес айдағы ең көп көрсеткіш. Елдің әр өңірінде карантин шектеуі қайта күшейіп жатыр. Ал президентке үндеу жолдаған дәрігерлер мен ғалымдар өзге сырқаттар ковидтің көлеңкесінде қалып қойып жатқанын айтады.
Қазақстанның жаңа сайланған депутаттары ант беріп, жұмысқа кірісті. Бәрі "Нұр Отан" төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сценариімен жүрді - мәжіліс спикері де, үкімет төрағасы да ауыспады.
Бес жыл парламент үйін қызмет орны қылған, барлық керек-жарағы бюджеттен, яғни халықтың қалтасынан төленген депутаттар несімен есте қалды?
Тағы