Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Қазақстанды отыз жыл басқарған Нұрсұлтан Назарбаев елдегі қаңтардағы оқиғаларға байланысты ешқандай мәлімдеме жасамады. Оның қайда екені де белгісіз. Азаттық мәжіліс депутаттарынан «Назарбаев дәуірі аяқталды ма?» деп сұрады.
Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтан хабар жоқ. Қайда екені белгісіз. Ақорда "мемлекеттік төңкеріс, террористік шабуыл" деп атаған соңғы оқиғаларға байланысты ол әлі күнге дейін ешқандай мәлімдеме жасамады.
Парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты Серік Әбдірахманов Азаттыққа Қазақстандағы төтенше жағдай туралы сұхбат берді. Экс-депутат тәртіпсіздікті Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған дейді. Ол сондай-ақ осы жағдайдан кейін саяси реформа қажетін айтады.
10 қаңтар Қазақстанда қаралы күн. Жұрт 5 қаңтар күні тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған марқұмдарды аза тұтып жатыр. Бірақ ресми қанша адамның қаза болғаны белгісіз. Бұған дейін билік марқұмдар санын 164 көрсеткенімен, 9 қаңтар бұл деректі "техникалық қате" деп атады.
Парламент мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы елде боп жатқан оқиғалардан сабақ алып, саяси реформа жасау керек деген пікірде. Ол 5 қаңтарда Алматыда болған тәртіпсіздіктерден соң Қазақстан саяси дағдарысқа ұшырау алдында тұр дейді.
Ақтаудың Ынтымақ алаңында тұрған наразы топ 5 қаңтарда да тараған жоқ. Демонстранттардың билікке талабы
Ақтөбеде екінші күн қатарынан жұрт наразылығы жалғасып жатыр. Наразылар облыс әкімдігіне басып кірмек болды. Күштік құрылымдар оларға қарсы көзден жас ағызатын газ бен шулы граната қолданды.
Қазақстанда билік өкілдері журналистерге ашыла бермейді. Тілшіге шенеуніктерден пікір сұрап, сұқбат алу өте қиын. Кейде әріптестеріміз нақты сұраққа жауап алу үшін министр, депутаттардың артынан қуып, жүгіруге мәжбүр.
2021 жылы Қазақстанда саяси, әлеуметтік наразылық жиі болды. Билік наразылыққа қатысқандарды әдеттегідей қамады, соттады. Құқық қорғаушылар дерегінше, жүздеген адам қуғындалды. Сондай-ақ, осы жылы «саяси тұтқындар» Макс Боқаев, Арон Атабек бостандыққа шықты. Алайда, Атабек көп ұзамай науқастан көз жұмды.
Қазақстан билігі 2021 жылы азаматтардың зейнетақы қордағы ақшасының бір бөлігін пайдалануға рұқсат берді. Ол қаражатты тұрғындар үй алуға, емделуге жұмсады. Бірақ жыл соңына қарай үкімет алғаш белгілеген шартынан айнып қалды. Бұл мәселе қоғамның қарсылығын тудырды.
66 жастағы Райхан Шынтасова үш жарым жыл бұрын балалар үйінен сегіз қыз асырап алған. Үш түрлі отбасында туып, жетімдер үйіне түсіп, кейін бір шаңырақта табысқан қыздар тату-тәтті тұрып жатыр. Бірақ биыл Қазақстан билігі Райхан апаны қамқоршы мәртебесінен айырған, енді қыздарды отбасынан қайтарып алмақ.
Ресейдің Хакасия аймағында ұсталған Қазақстан азаматы Назгүл Кенжетай өзін адвокатымен байланыстырмай, алты күн бұрын соттап жібергенін айтты. Бұл ақпаратты адвокаты да растады. Қорғау тарабы депортация туралы шешімге шағым түсірмек.
Парламент мәжілісінің жалпы отырысынан соң бір топ депутат залдан шыға берістегі буфетке кіріп кетті де, есікті құлыптап алды. Депутаттарға сұрақ қоймақ болған журналистер оларды сыртта күтті. Шамамен бір сағаттан соң депутаттар артқы есіктен қашып шығып кетті.
Нұр-Сұлтанда 16 желтоқсанда оппозиция митинг жоспарлаған аумақ қоршалды. Наразылық білдіруге келдік деген санаулы адам діттеген жерге жете алмады. Ал билік өкілдері тәуелсіздік мерекесін бір күн бұрын өздері ғана атап өтті.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтанда мерекелік отшашу болып, қаладағы басты ту көтерілді. Бірақ шараға билік өкілдері қатыспады. Тіркелмеген «Ел тірегі» партиясы белсенділері Желтоқсан және Жаңаөзен құрбандарын еске алып, марқұмдар рухына құран бағыштады. Осы күні шетелде тұратын оппозициял
"Сүлеймен пайғамбар ұйғарымындай мықты шешім болды". Мәжіліс депутаты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың зейнетақы қорынан ақша алудың ескі тәртібін сәуір айына дейін созу туралы тапсырмасын осылай бағалады. Алайда қаржыгер мұны "популистік шешім" деп атайды.
Бір жарым ай бұрын журналистерге есігін ашқан Қазақстан үкіметінен ақпарат тарату әлі қиын. Жиынға қатысу үшін тілшілер алдын ала тіркелуі керек. Оның өзінде жазылып үлгерген санаулы БАҚ қана. Биліктің журналистерді әуре-сарсаңға салуын сарапшы "қолдан жасалған шектеу" дейді.
Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан Азаттық радиосын "қазақты қан қақсатып отырсыңдар" деп айыптады. Бірақ сөзіне дәлел келтірмеді. Бұндай пікірге Ресейдің "шетел агенті" заңы әсер етуі мүмкін деген саясаттанушы тәуелсіз медиаға түрлі ат қойып, айдар тағу "автократ жүйеген тән әрекет" дейді.
Биліктегі "Нұр Отан" партиясының белді өкілі, мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан ақын, диссидент Арон Атабек пен Азаттық радиосын "елбұзар" деп айыптады.
31 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны Майра Нұрмұхамбетова әлеуметтік жоба аясында сұлулық салонына жолдама ұтып алды. Одан бөлек төрт балалы әйелге заңгер тегін консультация берді.
Тағы