Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
2022 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы қорындағы ақшаны алу шарты өзгереді. БЖЗҚ таратқан мәліметке сай, енді қорда қалуы тиіс міндетті қаражат мөлшері екі есеге ұлғаймақ. Шекті межені көтеру дұрыс па? Сенат депутаттарынан сұрадық.
Нұр-Сұлтанда 25 қарашаға қараған түні қалың қар жауып, қаладағы қозғалыс шектелді. Шағын көшелер тазартылып үлгермей, жұмысқа кешіккендер көп болды. Әуежай жұмысын уақытша тоқтатып, бірнеше рейс кейінге шегерілді. Гидромет орталығы бір күнде айлық жауын-шашын түскенін айтты.
Нұр-Сұлтандағы саяжайдың бірінде 34 жастағы Досхан Исмағұлов алты баласын жалғыз асырап отыр. Әйелі қайтыс болғанда кенже егіздері сегіз айлық еді. Ананың жоғын білдірмес үшін жалғызбасты әке барын салып жүр. Жұмыс істейді, бос уақытында таксилетіп қосымша табыс табады.
Нұр-Сұлтанда балаларға вакцина салуға қарсы екенін айтып ондаған адам наразылық білдірді. Олар ковидпен күреседі делінген екпелерге де, биліктің «екпені мәжбүрлемейміз» дегеніне де сенбейді. Журналист «екпеге қарсылардың көбі жалған ақпараттың жетегінде кетеді» десе, дәрігер індетті тоқтатудың жалғы
12 қарашада Ақмола облысының Степногорск қаласындағы олимпиада резервін дайындайтын арнайы спорт мектеп-интернатында оқушылардың бірін-бірі ұрып, ақша бопсалаған видеосы тарады. Оқиға 21 қазанда болған. Жергілікті билік видео желіге жарияланған соң ғана оқиғаға назар аударған.
Қазақстанда коронавирусқа қарсы егілетін Pfizer вакцинасы келді. Үкімет мұны 12 жастан асқан балаларға салуды көздеп отыр. АҚШ 5 жастан бастап егуге рұқсат еткен.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда орыс тілінде сөйлейтіндерге «ксенофобиялық көзқарас барын» айтты. «Российская газета» басылымында шыққан мақаласында ол бұны «сыртқы ақпараттық механизмнің әсері» деп білетінін жазады.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Российская газета" басылымына берген сұхбатында Қазақстанда орыс тілінде сөйлейтіндерге ксенофобиялық көзқарас бар деді. Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Лавровтың сөзіне өз пікірін айтты.
Қазақстанда ресейлік нөмірі бар көлік жүргізушілері бірнеше қалада наразылық білдірді. Арыз-шағымдарына қарағанда, соңғы күндері полиция оларды жаппай тексеріп, айыппұл салып, көліктерін алып кетіп жатыр. Бұны наразылар биліктің қарапайым халыққа көрсетіп отырған қысымы деп бағалайды.
Моңғолия астанасы Улан-Баторда лауазым атқарып жүрген Мұхит Жақсылықұлы 1991 жылы Қазақстанға көшіп келді. Бір өзі келмей, ондаған қазақ отбасын ертіп әкелді. Азаттық тілшісі Әсемгүл Мұхитқызы ол кезде 8 жаста болатын. Отыз жылдан кейін тілшіміз өткенін тергеп, көштің қалай болғанын баяндайды.
4 қараша күні әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтандағы кіші Талдыкөл маңында суыққа тоңып, қалжыраған екі қоқиқаздың видеосы тарады. Көлге барған құтқарушылар құстарды таппай қалды.
Кейінгі бірнеше айда Қазақстанда азық-түлік бағасы айтарлықтай қымбаттады. Күнбағыс майы, жұмыртқа, ет пен сүт, көкөніс бағасы былтырғымен салыстырғанда екі есе өскен.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 20 қазанда Қарағанды облысы Ұлытау ауданына барып, "Жошы хан" тарихи кешенін аралаған. Президенттің осы сапары "52 миллион теңгеге бағаланды" деген ақпарат тарады. Ақпаратты Азаттық тілшісі анықтап көрді.
Нұр-Сұлтанда несие амнистиясын талап етіп жүрген "Демпартия" белсенділері 19 қазанға қараған түні Ұлттық банк алдында қонып шықты. Белсенділердің несие кешіру талабы жайлы депутаттардан сұрадық.
Биыл жазда Нұр-Сұлтанда тұратын қыз-келіншектер WhatsApp желісінде "Дәстүрге оралу" деп аталатын чат ашқан. Сол топ астанада перформанс жасады.
Қазақстанның 6 депутаты Брюссельге барып, еуропарламент депутаттарымен кездесті. Бірақ ресми ақпарат аз немесе өте жұтаң. Нұр-Сұлтаннан барған делегатпен сөйлескенін айтқан батыс депутаты Қазақстанның адам құқығына жауапты шенеуніктеріне санкция салу туралы айтты.
12 қазан күні тіркелмеген "Қазақстанның демократиялық партиясының" он шақты өкілі Ұлттық банкке барып, халық алған несиеге амнистия жариялауды талап етті. Белсенділер қазақстандық банктер жұртты қарызға белшесінен батырды деп айыптады. Осыған орай, Азаттық тілшілері Нұр-Сұлтан тұрғындарына "Мемлекет несиені кешіргені дұрыс па?" деп сұрады.
Қазақстанда 17 қазаннан бастап коронавирусқа қарсы екпе салдырмағандарды жұмыс орындарына кіргізбейтін талап күшіне енбекші. Ел ішінде денсаулық сақтау министрлігінің бұл талабына қарсылар көп. Депутаттар не дейді?
Шыңжаңдағы туыстарының саяси қуғынға ұшырап, түрмеге қамалғанын айтып жүрген топ Нұр-Сұлтаннан Алматыға қайтты. Кетер алдында бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесіне хат тапсырды және Қытай елшілігіне барып тағы да наразылық білдірді. "Жауап болмаса қалың киініп қайта келеміз" дейді.
Нұр-Сұлтан соты бір күн бұрын Қытай елшілігі алдында туыстарын қайтаруды талап етіп, ұсталған он адамның үшеуін айыппұл төлеуге міндеттеді. Тағы жеті адам сот шешімін күтіп отыр. Полиция кеше олардың бәрін "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұздың" деп ұстаған.
Тағы