Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Қазақстан билігі «Қаңтар оқиғасы кезінде 225 адамның сүйегі мәйітханаға жеткізілді» дегеннен бері 1 ай өтті. Бас прокуратура тергеу құпиясына сілтеп, көз жұмғандардың жеке дерегін жарияламай отыр. Ал Азаттық радиосы жариялаған тізімде 184 адамның аты-жөні, өлген орны белгілі. Алайда, биліктің дерект
Қаңтар оқиғасынан соң кісі өлімі, абақтыдағы азаптауларға байланысты Қазақстанда ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуін талап еткен петицияға мыңдаған адам қол қойды. Бірақ тұрғындардың кейбірі оны қызметтен алу жеткіліксіз, жауапқа тарту керек деп есептейді.
Үш күннен бері Азаттық радиосының қаңтар оқиғасында қаза болғандардың тізімі жарияланған парақшасы дұрыс жұмыс істемей тұрды. Бұл тізімде марқұмдардың есімі жазылған. Сарапшылар «парақшаның бұғатталғанын», мұның қаңтар дүрбелеңінде опат болғандардың ресми айтылған 227 адамнан көп екенін көрсетеді де
Немістің Deutsche Welle басылымы Қазақстанның экс-президентінің ортаншы қызы Динара Назарбаева мен күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа байланысты компаниялар Германиядағы бірқатар аса қымбат мүлікке иелік ететінін жазды. Зерттеу авторлары зәулім сарайлар мен қонақ үйлерге кемі 100 миллион еуро жұмсалғаны
Жаңаөзендегі жұмыссыз қала тұрғындары ереуілі жалғасып жатыр. Маңғыстау облыстық әкімдігі құрған комиссия ереуілшілерге 161 жұмыс орынын ұсынды. Бұған келіспеген наразы жұртшылық өздері сұраған «Өзенмұнайгаз» компаниясы саласынан тұрақты мекеме ашуды талап етті. Олар жергілікті билік комиссиясына с
Ақпанда Маңғыстау өңірінде ереуіл қайта көбейді. Жаңаөзенде жұмыс тауып беруді талап етіп, әкімдік алдында жиналғандар бір аптадан бері тарамай тұр. Бүгін 9 ақпанда мұнай саласында қызмет көрсететін «Бұрғылау» мен «KMG-Security" мекемелерінің жұмысшылары да ереуілге шықты. Талап ортақ – еңбек жағда
Сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні бір топ ақтаулық көп баласы бар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған әйелдер Ақтаудың орталық жолын жапты. Олар өздеріне жалға берілген баспананы толық жекеге өткізіп беруді талап етеді. Билік оларды 9 ақпанда кездесуге шақырды.
Қазақстанның бас прокуратурасы қаңтар оқиғасында жұртты тәртіпсіздікке итермелеген ұйымдардың бірі деп «Қазақстанның демократиялық таңдауы» және «Көше партиясы» қозғалыстарын атады. Елдегі саяси жүйенің өзгеруін талап етіп, бірнеше жылдан бері түрлі митинг ұйымдастырып жүрген қозғалыстарды жақтаушы
2019 жылы 4 ақпанда Нұр-Сұлтан іргесіндегі "Көктал-1" шағын ауданында тұратын шаңырақтың бес қызы өрттен көз жұмды. Бұл қайғылы жағдай ұзаққа созылған көп балалы әйелдер наразылығына түрткі болды. Содан бері не өзгерді? Азаттық тілшісі сол ықшам ауданның тұрғындарына сұрады.
Жаңөзен қаласының тұрғындары жұмыс орындарын ашуды, жұмыссыздықты жоюды талап етіп екі күннен бері наразылық білдіріп жатыр. Олар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдап, әлеуметтік желіде таратты. Жаңаөзен қаласы әкімі 24 ақпанға дейін мұрсат беруді сұрады.
Нұр-Сұлтан іргесіндегі Қоянды ауылының тұрғындары сатып алған жер телімдерін 2009 жылдан бері рәсімдей алмай жүр. Жергілікті билік жерді баспана салуға болатын учаске етіп қайта тіркеуді міндеттеген және әр шаршы метріне 1950 теңгеден төлеу қажетін айтқан. Оған ауыл тұрғындары келіспейді.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев билік партиясына төрағалықты тапсырды, оның қызы Дариға Назарбаева "Нұр Отан" саяси кеңесінен шығарылды. Енді ел саясатына Назарбаев әулетінің ықпалы қалмады ма? Депутаттар пікірі.
28 қаңтарда съезі өтетін "Нұр Отанның" мүшелері партия ғимаратына кіре алмай әуре болды. Нұр-Сұлтандағы бас кеңсесінің есігі белгісіз себеппен тарс жабық. Азаттық тілшісімен сөйлескен депутаттар съезде партия атауын қайта қарауы мүмкін дейді.
Қызылорда қаласында 5 қаңтардағы дүрбелең кезінде полиция басқармасының жанында оқ тиіп, қаза тапқан тұрғынның мәйітін 24 қаңтарда полиция қабірден қазып алған. Марқұм Бекзат Пірзаданы туыстары жер қойнына 7 қаңтарда тапсырған.
Ақтөбеде митингіге қатысқандардың кейбірі тергеуде азап көргенін айтады. Кейбірі полицейлер "тоққа соғып, террорист қылмақ болды" десе, кейбірі "қабырғаға қаратып қойып таяқтады" дейді.
Қазақстанда айлықтың азы және ел байлығы санаулы адамдардың қолында екені ұзақ жылдан бері айтылып келеді. Оны Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент болмай тұрып та талай естігеніне, білгеніне күмән жоқ. Неге сол кезде үндемеді? Неге енді ғана айтылып жатыр? Сарапшыдан сұрадық.
Нұр-Сұлтанда марафоншы Марат Жыланбаев пен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың абыройын қорғау үшін арызданған "Ар-Бедел" қорының арасындағы сот отырысы өтті. Судья арызданушы тараптың Назарбаевты қорғауға заңды құзіреті жоқ деген.
Астанада бейбіт митингі кезінде арнайы жасақтан таяқ жеген белсенді екі апта төсек тартып жатыр. Іңкәр Тыныштыбаеваның айтуынша, жаппай наразылықта ол кеуде тұсынан ауыр соққы алған. Дәрігерлер қабырғасы майысқаннан өкпеге зақым келген депті.
Қазақстандағы қаңтар айының басындағы қанды оқиғадан соң экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары қызметтен шеттетіліп жатыр. Кейінгі үш күнде күйеу балалары мен немере інісі қызметтен кетті.
Полиция алматылық белсенді Дәурен Достияровты 4 қаңтарда ұстап әкеткен. Белсендінің айтуынша, тоғыз күн қамауда отырғанда әбден таяқ жеген.
Тағы