Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Өткен аптада 45 жастағы нұр-сұлтандық мүгедек құқық қорғаушы Жасұлан Сүлейменовтің үйінің терезесін біреулер таспен атқан. Құқық қорғаушы мұны өзіне жасалған ескерту деп бағалайды.
Ынтымақ ауылы Нұр-Сұлтаннан 35 шақырымда орналасқан. Кезінде фарфор зауытымен танылған ауылда тұрмысқа қажеттің бәрі болған: үй ішіне ыстық су, газ және кәріз жүйесі тартылған еді. Уақыт өте олар тозып, .істен шыққан Қазір көп қабатты үйлердің тұрғындары даладағы ағаш әжетханаға баруға мәжбүр.
"Täuel[dı]sız" деп аталатын жастар жобасы интеллектуалды поэзияға негізделген "Хикая" атты қойылымын Нұр-Сұлтандағы "Жастар сарайында" сахналады.
Теннистен Wimbledon жарысында жеңіске жеткен қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Нұр-Сұлтандағы баспасөз мәслихатында Қазақстан паспортын көрсетіп, турнирде жеңген ақшалай сыйақысының бір бөлігін елдегі жасөспірімдер теннисін дамытуға бөлетінін мәлімдеді.
Теннистен Grand Slam жарысы қатарына енетін Wimbledon турнирінде әйелдер арасында жекелей сында жеңіске жеткен қазақстандық Елена Рыбакина Нұр-Сұлтанға келді.
Қазақстанда баға тұрақтамай тұр. Ресми дерек бойынша, жыл басынан бері азық-түлік пен тауар 20 пайызға өскен. Мәселен бірнеше айдың ішінде қант екі есе қымбаттап, келісінің ең арзаны 530 теңгеге сатылып жатыр. Бірақ оның өзіне лимит қойылған.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары – елдегі ең ауқатты әулет. Азаттық жаңа зерттеуде Назарбаевтардың астанадағы бұрынғы мемлекеттік резиденциялары мен Алатау баурайындағы Үшқоңыр жайлауының мыңдаған гектар жерін экс-президент отбасының қалай иеленіп отырғанын анықтады.
Журналист, блогер Махамбет Әбжан аса ірі көлемдегі ақша бопсалады деген күдікпен қамауға алынды. Құқық қорғаушылар мен оның адвокаты бұл күдікке күмәнмен қарайды.
Шымкентте 1 мамыр Бірлік күніне бөлінген тендерден дау шықты. Сарапшылар құны 18 миллион теңгеден асқан келісімшарттың мерекелік іс-шара өтіп кеткен соң жасалғанын анықтаған. Бұл – мемлекеттік сатып алу заңына қайшы дейді олар. Бірақ тапсырыс беруші онымен келіспейді.
Маңғыстау облысы Жетібай ауылының тұрғындары жұмыссыздар көбейгенін айтып, жол жауып наразылық білдірді. Ауыл адамдары "аймақтың экологиясы нашар, емделуге ақша жоқ" дейді. Бірақ Нұр-Сұлтанға келіп, есеп берген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жүздеген адамға жұмыс бергенін айтады.
Қазақстанда 28 маусым журналистер күні. Осы мереке қарсаңында БАҚ өкілдеріне марапат тарататын билік өкілдері аузынан журналистиканың "төртінші билік" екені туралы сөз жиі шығады. Бірақ Қазақстанда президент пен үкімет басшысы тілшілерге сирек сұхбат береді.
"Шекарасыз тілшілер" халықаралық құқық қорғау ұйымының баспасөз еркіндігіне баға беретін биылғы зерттеуінде Қазақстан 122-орында тұр. Бұл рейтингте Қазақстан былтыр 155, алдыңғы жылы 158-орында болған. Бірақ ұйым бұл елдегі сөз бостандығының ахуалы жақсарды дегенді білдірмейді дейді.
Қазақстан полициясының құрылғанына биыл 30 жыл толды. 23 маусым күні осы датаны атап өткен салтанатты жиынға президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, полицейлерге марапат көрсетті. Алайда ол құзрлы орган өкілдерінің қаңтар оқиғасында ұсталғандарды азаптағаны туралы ештеңе айтпады.
Қазақстанда жыл басынан бері жұмыс орнында 500-ден астам адам жараланып, 70 адам қаза тапқан. Төтенше жағдай министрлігі мәліметінше, кейінгі уақытта жүк көтергіш техникаларға байланысты апаттар жиілеген.
Жаңаөзенде "Кезби" компаниясының мұнайшысы жұмыс орнында өртеніп, қаза тапты. Бұған дейін мекеме жұмысшылары еңбекке қолайлы жағдай жасалмағанын, техниканың көбі ескіргенін айтып, наразылық білдірген. "Кезби" қожасы тергеп-тексеру басталғанын, өрт шыққан жердегі техниканың ескі емесін хабарлады.
Жаңадан құрылған ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ант беріп, қызметіне кірісті. Ол 2016 жылы Алматыдағы жер митингісі кезінде адамдардың жаппай ұсталуына байланысты көп сыналған.
Қазақстанда үш облыс пен бір министрлік пайда болды. Сөйтіп елдегі атқарушы билік су жаңа төрт әкім және бір министрмен толықты. Бірақ жоғары лауазымға келгендердің бәрі - ер адам. Әйел депутаттар да, сарапшы да бұны елдегі гендерлік саясаттың әділ болмауы деп санайды.
5 маусымда өткен референдумды14 өңірде бақылаған "Мұқалмас" қоғамдық бірестігі "биліктің тарапынан көп құқай көрдік, нәтижесінде науқанды әділ байқау мүмкін болмады" дейді. Бірлестік төрағасы кей байқаушылардың үстерінен әкімшілік іс қозғалып, сотқа жеткенін айтады.
5 маусым күні Нұр-Сұлтандағы №59 сайлуа учаскесінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев тұсында ұзақ жыл жоғары мемлекеттік саяси қызметтерді атқарған, қазір зейнетте жүрген Әділбек Жақсыбеков, Оралбай Әбдікәрімов және Бердібек Сапарбаев дауыс берді. Азаттық олардан референдум туралы пікірін сұрады.
Ресейдің Украинаға басып кіргеніне 100 күн болды. Украинаның бірнеше қаласында қазір кескілескен шайқас жүріп жатыр. Мыңдаған адам мерт болып, миллиондаған тұрғын босып кеткен соғыс жайлы қазақстандықтар не ойлайды?
Тағы