Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Бір жыл бұрын Грузияға жұмысқа кетіп қаза тапқан қазақстандық Әсел Айтпаеваның әке-шешесі биліктен қылмыстық істің әділ тергелуіне ықпал жасауды сұрайды. Олар істі тергеген Нұр-Сұлтан полициясының "Айтпаева өз-өзін" өлтірген деген қорытындысымен келіспейді.
Қазақстан тарихындағы үшінші референдумға санаулы күндер қалды. Конституцияның үштен бір бөлігін өзгертуді көздеген референдумды бақылауға шетелден 272 байқаушы тіркелген. Қазақстандық байқаушылар мұны науқанның "асығыс жүріп жатқанымен" байланыстырады.
Қазақстанда 31 мамыр – совет дәуірі кезіндегі қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бірақ талай билік ауысып, мемлекет өзгеріп кетсе де құрбандар толық ақталмаған. Тарихшылардың есебінше, кемі екі миллионға жуық адам ақталуы керек.
Қазақстанның бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы істі болып жатыр. «Бюджеттің 146 миллион теңгесін жымқыруға қатысқан болуы мүмкін» дейді жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. Мұхамедиұлы басқаратын Ұлттық музейдің баспасөз хатшысы «тексеріс біржақты» болғанын айтады.
Түрлі спорт жарыстарында чемпион болған спортшылар бүгін астанада жиын өткізіп, жұртты 5 маусымдағы референдумға шақырды. Шараға олимпиада ойындарын жеңіп, кейін допинг қолданғаны үшін медалінен айырылғандар да қатысты. Марафоншы әрі азаматтық белсенді «билік спортшыларды пайдаланып отыр» дейді.
Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев ел билеп тұрғанда парламент мінберінен оған мадақ көп айтылатын. Бірақ қаңтар оқиғасынан кейін жылдар бойы Назарбаевты ұлықтап келгендер президент Қасым-Жомарт Тоқаевты мақтап, онымен бірге «Жаңа Қазақстан» құруға кірісіп кетті.
Нұр-Сұлтан қаласының іргесінде 16 гектар аумаққа алып резиденция салынып жатыр. Оның кімге тиесілі екенін ашып айтпаған әкімдік дерегінше, ғимарат "ресми тұлғаларға" арналып салынады. Қаржы министрлігі мен құрылыс компаниясы құрылысқа бөлінген қаржы мен тапсырыс беруші туралы ақпарат "құпия" деді.
5 мамырда Қазақстан парламенті "Республикалық референдум туралы" заңға өзгерістерді мақұлдады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен негізгі заңнан Нұрсұлтан Назарбаевтың статусы жойылмақшы.
«Алға, Қазақстан!» деп аталатын партия құруды мәлімдеген оппозиция белсенділері әділет министрлігі құжаттарын кері қайтарып жібергеніне наразы. Олар партия құруға ресми түрде рұқсат алу үшін 4 мамыр күні министрлікке 1600-ге жуық адамның қолы мен дерегін тапсырған.
Экс-президент Назарбаевтың тұсында депутат болған Қуаныш Сұлтанов "Тұңғыш президент – Елбасы" дейтін заңның күшін жоюдың қажеті жоқ деп санайды.
Украинадағы соғысқа байланысты Қазақстанның бейтарап позиция ұстануы кейбір ресейлік пропагандисттерге жақпай жатыр. Танымал ресейлік режиссер Тигран Кеосаян Қазақстанға қаратып "9 мамырда неге парад өткізбейсіңдер? Неге Ресейді ашық қолдамайсыңдар? Өйтпесеңдер, Украинаға қараңдар" деген.
Конституцияны өзгерту жөніндегі жұмыс тобы Ата заңда "бірінші президент – тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы" деген сөзді қалдырмақ. Кей басылым конституциялық кеңеске сілтеп, осыдан соң "Тұңғыш президент-Елбасы" туралы заң күшін жояды деді. Министрлерден бұл заң ауысуы керек пе деп сұрап көрдік.
Қазақстан ресейлік СБЕР – мен цифрлық үкімет құру туралы келісімінен бас тартты. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "платформаны қазақстандық IT мамандары жасайды" деді. Кремль бақылауындағы СБЕР мен Қазақстан келісімі қоғамда қатты сыналған еді.
Қазақстандық қариялар зейнетақысының тең жартысын азық-түлікке жұмсайды. Бұған коммуналдық төлем мен дәрі-дәрмекке кететін шығынды қосса, қолға тиетін тиын-тебен түкке жетпейді. Сарапшылар мұны кедейліктің белгісі дейді.
Қазақстанда Stopharass платформасы жұмыс істей бастады. Сайт жыныстық сипаттағы қысым көргендердің оқиғасын жариялаумен айналысады. Авторларының айтуынша, көбіне жұмыс орнында немесе тұрмыста харассментке тап болған әйелдер хабарласады.
Нұр-Сұлтанда үш бірдей адамы мүгедек Боданбаевтар отбасы үйде тапсырыспен көрпе-жастық тігіп, ақша табады. "Осы кәсіппен айналысқалы жағдайымыз жақсарды" дейді.
Қаржы пирамидасына алдандым деген алматылық тұрғын Нұр-Сұлтанда өзін өртемек болды. 32 жастағы Бағила Досмайылова бұл әрекетке амалсыз барғанын айтып, әлеуметтік желіде жазба қалдырған. Денесін күйік шалған әйел астанадағы ауруханалардың бірінде жатыр. Дәрігерлер "хәлі ауыр" дейді.
Қазақстандықтар үкіметтен ел аумағында кремльшіл пропаганданы тарататын ресейлік арналарға тоқтау салуды сұрап, қол жинап жатыр. Азаттық ақпарат министрі Асқар Омаровтың осы петиция жайлы пікірін білді.
Әскері Украинаға басып кірген соң Ресейге Батыстың санкциясы күшейген. Рубльдің күрт құлдырауы Қазақстанға да әсер етті. Теңге әлсіреп, елде доллар бағамы 500 теңгеден асып кеткенде, азық-түлік, тауар бағасы аспандап кетті.
Нұр-Сұлтанда кран басқаратын ондаған адам жұмыс қауіптілігін айтып, тағы да наразылық білдірді.
Тағы