Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Қазақстан президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау штабы қорға 900 миллион теңге қаражат аударған еріктілердің кім екенін айтпады. Азаттық тілшілеріне штаб ішін аралатқан өкіл үгіт-насихаттың әлеуметтік желіде қалай жүріп жатқанын көрсетті.
Мәжіліс төрағасы әрі президентікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың штабын басқарып жүрген Ерлан Қошанов 11 қарашада өтетін саяси дебатқа Тоқаевтың бармау себебін түсіндірді.
Астанада Қазақстанның әр өңірінен жиналған қырық шақты адам президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездестіруді талап етті. Әркімнің шағымы әр түрлі. Жиналғандармен президенттің сайлаудағы сенімді өкілдері сөйлесті.
Үш партия мен онаннан аса ұйым бірігіп ұсынған қазіргі президент әрі президентікке кандидат Қасым Жомарт Тоқаевтың үгіт-насихаты қызып тұрса да, оның Астанадағы орталық штабы жабық тұр. Штаб жұмысын көруге барған әріптестерім есіктен кіре алмай, терезеден сығалауға мәжбүр болды.
Алдағы кезектен тыс президент саулауына түсетін Жигули Дайрабаев ел аралап жүр. Оның штабы кандидаттың атын шығару үшін хайпты да әбес көрмейді.
Президент сайлауына қатысатын кандидаттардың үгіт-насихатты бастағанына 10 күн болды. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының үміткері Астанадағы штабында тұрғындарды қабылдап, арыз-шағымдарын қабылдап жатыр. Ол "жүйені өзгерту үшін билікті парламент алуы керек" деп есептейді.
Қаңтар оқиғасына қатысып, істі болғандарға рақымшылық жасау туралы заң жобасын үш депутат қолдамады. "Халыққа оқ атқандарды жауаптан құтқаруға болмайды" дейді бірі. Бас прокуратура қаңтарда "бірде бір полицейдің қасақана қылмыс істемегенін" айтады.
Оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин бастаған топтың құжатын қабылдап алған әділет министрлігі "Алға, Қазақстан" атты партия құруға тағы да келісім бермеді. Әзірше себебі белгісіз. Бұған дейін министрлік олардың құжатын "сайлау және саяси партиялар туралы заңға қайшы" деп екі рет кері қайтарған
Ресей президенті Владимир Путиннің 12-14 қазан күндері Астанаға келуіне байланысты әлеуметтік желіде қарсылық күшейді. Құқық қорғаушы, саясаттанушылар мен қарапайым азаматтар оның Украинаға ашқан соғысын айыптап, Қазақстанға сапарына тосқауыл қоюды талап етеді.
Президент сайлауына кандидат ұсынбай, Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтынын мәлімдеген "Қазақстан халық партиясы" съезінде төраға Ермұхамет Ертісбаев батысты айыптап, Ресейді жақтап ұзақ сөйледі. Оның бұл уәжін парламенттегі кейбір партияласы қолдамаған.
Украинадағы соғысқа барудан қашып, Қазақстанға өткен мыңдаған ресейліктің бірі – Олеся Яхно. 29 жасар дәрігер мобилизация туралы Путин жарлығы шыққан күні Мәскеудегі наразылық митингісіне қатысқан. Кейін өзіне де шақыру келген соң апыл-ғұпыл жиналып, көрші елге өтіп кеткен.
"Ауыл" партиясы съезінде президенттікке үміткер ретінде Жигули Дайрабаевтың кандидатурасы ұсынылды. Оны партия мүшелерінің барлығы-дерлігі қолдап, дауыс берді. Айта кету керек, ол - Қазақстандағы 20 қарашаға белгіленген кезектен тыс президент сайлауына ұсынылған алғашқы ресми кандидат.
Қазақстан аумағында Азаттық сайты бірнеше күннен бері баяу жұмыс істеп тұр. Ақпарат министрлігі мән-жайды анықтап, жауап беруге уәде етті.
Бүгін, 27 қыркүйекте Қазақстан аумағында Азаттық сайты дұрыс жөнді істемей тұр. Мәселен астанада таңертеңнен бері веб-сайт ашылмайды. Мобильді интернет арқылы да сайтқа кіру қиындап, қосымша әрең дегенде жүктеледі. Сарапшылар мұны ішірана бұғаттау болуы мүмкін дейді.
14 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтті. Рим папасы Франциск болған жиында осы дәстүрлі съездің негізін қалаушы, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев болмады. Азаттық мұның себебін Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтан сұрады.
Қыркүйектің басында Қостанайдың Әулиекөл ауданында орман алқабында шыққан өрт бірнеше елді мекенді қамтыды. Екі мыңнан астам адам баспанасыз қалды. Бір адам қаза болып, бір адам жоғалған. Зардап шеккендерге арналған баспана құрылысы тұрғындардың көңілінен шықпайды.
Нұр-Сұлтанда "Еркіндік қанаты" ұйымдастырған тәуелсіз бақылаушылардың бейбіт митингісі өтті. Жиынға қатысушылар сайлау туралы заңға енгізілгелі отырған өзгерістерге қарсы шықты.
Өткен аптада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің офицері, дәрігер Азат Үмбетұлы қызметте жүріп қаза болды. Марқұм Жамбыл облысы Қордай ауданындағы шекара қызметінде медицина бөлімнің жетекшісі міндетін атқарған.
Нұр-Сұлтан іргесіндегі Жібек жолы ауылы отыз жыл сусыз, жарықсыз отырғанын айтады. Ауылда интернет желісі де дұрыс жұмыс істемейді. Шыдамы таусылған жұрт бюджеттен ауылға қанша ақша бөлінетінін зерттеп шығып, қағазда бар көптеген жұмыстың іс-жүзінде атқарылмағанын анықтаған.
“Алға Қазақстан” оппозициялық ұйымын партия етіп тіркегісі келетін белсенділер үгіт-насихат парақша таратқаны үшін қудаландық деп шағымданады. Полиция оларды "тiркелмеген я қызметi тоқтатылған, тыйым салынған қоғамдық бірлестіктің қызметіне қатысты" деп ұстап әкеткен.
Тағы