Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сенаттың төрағалығына Мәулен Әшімбаевты ұсынып, депутаттар бірауыздан қолдады. Президенттің парламентке келетіні туралы журналистерге алдын-ала хабарламады және жиынға тілшілер кіргізілмеді.
Қазақстанда 19 наурызға белгіленген мәжіліс сайлауына өзін өзі ұсынып жатқандар көп. Астанада алғашқылардың бірі болып оппозициялық саясаткер Уәлихан Қайсаров бір мандаттық жүйемен мәжіліске депутат болу үшін құжат тапсырды. Ол осы сайлау әділ өтеді деп үміттенеді. Бірақ сарапшы бұған күмәнмен
2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде Ақтау қаласында мыңдаған адам әлеуметтік, саяси талап қойып, орталық алаңға жиналған. Олардың ортасында кәсіподақ лидері Әмин Елеусінов көзге көбірек түсті. Қаңтар оқиғасына бір жыл толғанда Азаттық белсендімен сұхбаттасты.
Былтыр Қаңтар оқиғасы кезінде "әскери қызметішінің өміріне қасақана қауіп төндірді, солдатты басып өлтірді" деп айыпталған Қазыбек Құдайбергеновтың шағымын қарап жатыр. 19 қаңтардағы сот отырысында прокурор оның жаза мерзімін 20 жылға ұзартуды сұрады.
2022 жылы кемі 238 адам қаза тауып, мыңдаған азамат жараланған Қаңтар оқиғасы Жаңаөзен қаласынан басталды. Газдың қымбаттауына қарсы шыққан қала тұрғындарын Қазақстанның барлық өңірі қолдап, соңы дүрбелеңге ұласты. Азаттық журналисі Жаңаөзенеге 1 жылдан соң қайта барып, тұрғындармен сөйлесті.
Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ кен орнында KKS-Sicim компаниясының жүз сандаған жұмысшысының жалақы көбейтуді талап етіп жатыр. Жалпы жұмысшылар ереуілі елде жиі болады. Қазақстанда еңбек дауы неге көп деген сауалға Тәуелсіз кәсіподақ лидері Құспан Қосшығұлов жауап берді.
Қаңтар дүрбелеңі кезінде президенттің «Шетелден келген содырлар», «басы кесілген сарбаздар», «Алматыға шабуылдаған 20 мың бандит» деген сөздерінің кейбірі бір жыл өткен соң жоққа шығарылып жатыр.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады. Денсаулық сақтау министрлігі дерегінше, кейінгі айда індет жұқтыру екі жарым есе артқан. Өткен тәулікте инфекциядан бір адам көз жұмғаны хабарланды. Жағдайды маусымдық тұмау ушықтырып тұр. Әсіресе балалар арасында ауруы асқынғандар көп.
Бас прокуратура кемі 238 адам қаза тапқан Қаңтар оқиғасы туралы Азаттыққа сұхбат берді. Құзырлы орган өкілдері қаза тапқандар дерегі, ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің соты, оқ атқандарды жауапқа тарту, президент айтқан "20 мың бандит" пен "шетелдік террористер" туралы сұрақтарға жауап берді.
Он күн бойы аязда үйіне бармай жалақы көтеруді талап еткен маңғыстаулық мұнайшылардың ереуілінің соңы қылмыстық іс қозғаумен аяқталды. Мұнайшылардың кейбірі жұмыстан шығарылған. Жұмыс беруші олардың талаптарын ішінара орындағанмен, ереулшілер разы емес.
Қазақстан халық партиясы тізімімен мәжіліске сайланған депутат Ғазиз Құлахметов биыл президенттікке түскен кандидаттар арасында қазіргі президентке лайықты бәсекелес болмады дейді. Ол елде президент болғысы келетіндер көп, бірақ, 2029 жылы болатын сайлауға әзірленіп жатыр деп санайды.
Маңғыстауда мұнайшылар тағы да ереуілге шықты. Түпқараған ауданындағы Солтүстік Қаражанбас кен орнында істейтін Phystech-2 компаниясының жұмысшылары жалақыларын көтеруді талап етіп, үш күннен бері наразылыққа шығып тұр.
Астанада қымбатшылықтан шаршадық деген бір топ тұрғын президентпен кездесуді талап етті. Ақордаға бармақ болған көп балалы, жалғызбасты жиырма шақты әйелдің жолын арнайы жасақ бөгеді.
Астана әкімі лауазымын босатқан 44 жастағы Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. Ол Астанаға 2019 жылы әйелдер наразылығы күшейіп тұрғанда әкім болып келген. Экс-әкімге тұрғындар әртүрлі баға береді.
Астанада жаңаөзендік әйелдер наразылық пикет өткізіп, президенттен Жаңаөзен әкімін жұмыстан алып тастауды талап етті. Олардың сөзінше, "жергілікті билік тұрғындар шағымына құлақ аспайды, мәселені шешуге құлықсыз". Талаптарын жеткізбек болған екеу Ақорда жаққа өте алмады.
Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаев ант беріп, бес жылдан жеті жылға ұзарған президенттік қызметіне кірісті. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы оған президент куәлігін тапсырды. Ұлықтау рәсіміне бұрынғы президент те қатысты.
Ресми дерек бойынша, Қазақстанда 623 мың адам пәтер кезегінде тұр. Соның жетпіс пайызы тұрмысы төмен отбасылар. Тұрғындар үй кезегі жылдар бойы жылжымайтынына жиі шағымданады. Елде баспаналы болу неге қиын?
Қазақстанда өткен президент сайлауында "бәріне қарсымын" графасын таңдағандар 6 пайызға жуық. Бәріне қарсы дауыс бергендердің өзге кандидаттардан озып кетуін депутаттар "демократияның көрсеткіші" деп дәріптейді. Бірақ сарапшы билік бұл графаны енгізу "саяси реформаның имитациясы" дейді.
17 қарашада ҰҚК "билікті қарумен басып алып, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған" 7 адамның ұсталғанын хабарлады. Оларды қуғындағы банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов басқаратын ұйыммен байланыстырады. Ұсталғандардың туыстары олардың экстремист емес екенін айтады.
Қазақстандағы бірнеше тәуелсіз бақылаушылар ұйымы жұмыстарына кедергі көбейгенін айтып, дабыл қағады. Бірінің жарығын өшіріп, жоспарланған тренинг өткізуге арналған конференц залды беруден бас тартса, енді біріне жеке мәліметтерімізді жария етті деп шағым түсірген.
Тағы