Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Оңтүстік Қазақстанда 15 жастағы қызға үйленген жігіт қамалды. Заңгер кәмелетке толмаған жаспен жыныстық қатынасқа түсу қылмыс екенін айтады. Мамандар тұрмысқа ерте шығудың зиянын ескертеді.
Шымкентте №46 мектеп-лицейінің жөндеу жұмыстары әлі аяқталмады. Төрт мектепке бөлінген оқушылар сабаққа жету машақатын айтса, құрылысшылар жұмыс желтоқсан аяғында бітетінін хабарлады.
Шымкенттегі екі мың оқушысы бар №46 мектеп-лицейінде жөндеу жұмыстары әлі күнге жалғасып жатыр. Тендер дауы бойынша соттасқан екі компания кесірінен үш айдан оқушылар басқа мектептерде оқуға мәжбүр.
Шымкентте имамдар арасында азан айтудан сайыс өтіп жатыр.
Оңтүстік Қазақстандағы дихандар мақтаның килограмын 80 теңгеден бағалауға наразы. Бірақ өңірде текстиль кластерін дамытып жатқанын айтқан билік «дихандарды қанау жоқ» деп мәлімдеді.
Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайы тұрғындары кейде апталап жарықсыз, сусыз қалатындарын айтады. Ал жергілікті билік мұндай жағдайдың әлі бірнеше жылға созылатынын білдірді.
21 қазан күні «Тракторист» әнімен танылған 36 жастағы Арман Алиев «Оңтүстік-Цирктің» директоры қызметіне тағайындалды.
Қазақстандағы ішкі туризмнің бір бағыты - Оңтүстік Қазақстан өңірі. Жұрт киелі орындарға зиярат етсе, шетелдіктер көне қалаларды қызықтайды. Бірақ туристердің көбі қызмет көрсету сапасына наразы.
Шымкенттегі «Достық дастарханы» палау фестиваліне жергілікті аспаздармен бірге Өзбекстаннан арнайы келген өкілдер де қатысты.
Шымкентте 18 қазанда Қала күніне орай күзгі гүлдерден жасалған композициялар көрмесі өтті.
Шымкентте өткен «Қазақ романсиадасы» байқауына Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Ресейден келген 43 өнерпаз қатысты.
Шымкенттік бірінші топтағы мүгедек Мариям Шолақова баспана мен күтушіге зәру. Ал жергілікті билік өкілі жарымжан жандарға қажетті көмек көрсетілетінін айтады.
Шымкенттен 70 шақырым қашықта тұрған Аманrелді ауылының тұрғындарының жалғыз ауыз су көзі - ауыл шетіндегі құдық. Тұрғындардың айтуынша, "олар мамандар ішуге жарамсыз деп тапқан судың өзін кезекпен алуға мәжбүр" болып отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Аманкелді ауылында жұрт санэпидемстанция құбыр суын жарамсыз деп тыйым салғасын ескі құдық суын ішуге мәжбүр. Әкімдік мәселе биыл шешіледі дейді.
Шымкенте тұрмысы төмен әр оқушыға мектепте тегін тамақтану үшін күніне 147 теңге бөлінген. Ал кәсіпкер қаражат шығынды жаппайтынын айтады.
Шымкенте әлеуметтік жағдайы нашар әр оқушы мектепте тегін тамақтануы үшін бюджет есебінен күніне 147 теңге бөлінген. Асханаға ас-су жеткізуші кәсіпкер бұл қаражаттың шығынын да жаппайтынын айтады.
Шымкенттегі көлік иелері АИ-92 маркалы бензинге зар бола бастады. Ресми орган өкілі бұл тапшылықты «қалыпты жағдай» деп сипаттайды.
Шымкенттегі №46 мектеп-гимназиясының күрделі жөндеуі бітпей қалып, оқушылары басқа мектептерге ауыстырылды. Құрылыс компаниясы «тендер дұрыс өтпеді» деген сот шешіміне сілтейді.
Шымкентте жалғызбасты балалы келіншектер «Ана үйі» жас аналар кризистік орталығын паналап жатыр. Олардың көбі болашақта өздерін тастап кеткен ерлерімен қайта жарасамыз деп үміттенеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында бір топ адам ұйымдастырған тәртіпсіздіктен бірнеше тұрғын және кәсіпкер зардап шеккен. Полиция жанжалдың этникалық сипаты жоқ деп сендіреді.
Тағы