Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Мемлекеттік «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша бөлінген 1050 гранттың көпшілігін иеленген оңтүстік қазақстандық жастар солтүстік, шығыс және батыс өңірдегі оқу орындарына түсіп жатыр.
Шымкенттегі саяжайда тұрып жатқан мүгедектер отбасы жұмысқа зар екендерін айтады. Қала билігі дерегінше, жұмыс істей алатын мүмкіндігі шектеулі әр 15 адамның біреуі ғана жұмыс тапқан.
Шымкентте прокуратура «заңсыз сатылған» деп сипаттаған жер телімдеріне үй салған тұрғындар баспанасыз қалудан қорқады. Қазіргі әкімдік үйлерді бұзу жоспары өзгермегенін айтады.
Шымкентте терроризм айыбымен сотталған төрт адамның екеуінің – әкелі-балалы Абдубайтовтардың туысы үкімге наразы. Абдубайтовтар – Сирияда жүрген қазақстандықтардың бірінің жақындары.
Рамазан айы басталғалы шымкенттіктерге кейбір қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетіп жүр. Тұрғындар орталық мешіт ұйымдастырып, жергілікті кәсіпкерлер қолдаған бұл шараға разы.
Жергілікті биліктің уәдесіне қарамастан, соңғы үш айда Шымкент базарында азық-түлік бағасы бірнеше рет өсті. Бұл әсіресе әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға қиын тиіп отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысында жүк пойызының 29 вагоны аударылды. Темір жол бөлігі бүлініп, пойыз қозғалысы тоқтатылды. Жерге төгілген күкірт қышқылының қауіпті әсеріне Азаттық тілшісі куә болды.
Оңтүстік Қазақстанда күкірт қышқылы, астық және басқадай жүк тиеген пойыздың 29 вагоны рельстен шығып кетті.
Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының тұрғындары ресейлік битум зауытының түтіні денсаулықтарына кесір тигізгенін айтады. Ал зауыт басшысы «ол түтіннің зияны жоқ» дейді.
2012 жылы желтоқсандағы «Ан-72» әскери ұшағының апатына қатысты диспетчер Қанат Ақылбеков 6 жылға сотталды. Ол тергеу дұрыс өтпегенін, айыбы жоқ екенін айтады.
Оңтүстік Қазақстанда жәбір көрген әйелдер шағымданбай, іштен тынып жүреді. Мамандар отбасында қол жұмсаудан бөлек экономикалық, психологиялық және сексуалдық зорлық барын айтады.
«Полицейлерден зәбір көрдім» деп мәлімдеген Шымкент тұрғыны Азаттық тілшісімен сөйлесті. Ал полиция арызданушының айтқанын жоққа шығарып, оның өз үстінен іс қозғалғанын мәлімдеді.
Бас прокуратура Шымкент әкімдігі жер телімдерін заңсыз сатып, енді «мемлекеттік мұқтаждық» үшін қайта сатып алып жатыр деп айыптайды. Әкімдік оны мойындамайды, ал жер иелері сергелдеңге түскенін айтады.
«Ақниет» өндірістік кооперативінің мүшелері «Солтүстік саяжай» шағынауданындағы өздеріне тиесілі жер телімдерін рәсімдеуге әкімдік кедергі келтіріп отыр деп санайды. Әкімдік облыстық прокуратураға сілтейді.
«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша салынған ең сәтті жобалардың бірі саналатын Шымкенттегі «Асар» шағынауданының тұрғындары несие төлемінің мерзімін создыруға мәжбүр болды.
Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекет қарамағындағы мекемелерге өткізілген балалар көп. Сәбилер ол жерге әртүрлі себептен тап болады.
Мемлекеттің көмегімен лизингке доллармен техника алуды жоспарлаған кәсіпкерлер девальвациядан соң тауары бірден қымбаттап, жоспарлары бұзылды. Құрылысы тоқтап қалғандар да бар.
Арыс ауданы тұрғындары 46 жылқы Сырдарияның суына кеткенін айтып, әкімшілікті кінәлайды. Әкімшілік тұрғындардың өздерін сөгеді.
Осы аптада "2013 жылы Қазақстанда 1 мың 941 адам ВИЧ жұқтырды" деген ресми есеп жарияланды. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында әрбір жұмыс күні орташа есеппен бір адам ВИЧ жұқтырып, СПИД орталығына тіркеледі.
Жетісай қаласы мектептерінің біріндегі мұғалімдер комиссия мен партия үшін «ақша жинау науқанынан шаршағандарын» айтады. Партия өкілі бұл сөзді жоққа шығарады.
Тағы