Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Оңтүстік Қазақстан облысы Ынтымақ ауылының тұрғыны Бақытжан Артықовтың өліміне айыпты деп танылған Навмидин Нарметов 18 жылға сотталды.
Шымкентте көру және есту қабылеті нашар балаларды қолдауға арналған қайырымдылық шарасы өтті.
Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласынан шамамен 20 шақырым қашықтықта тұрғын Ескі Иқан қаласындағы жеке тұрғын үйдің бауында 15 мамыр күні «заңсыз болған соң» құлатылған Сталин ескерткішін тұрғындар әлі сақтап отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысы Ескі Иқан ауылында 1949 жылы қойылып, былтыр «желден құлаған» Сталин ескерткішін тұрғындардың биыл қайта тұрғызу әрекеті дау тудырды. Азаттық осы ауылдағы бастамашылардың пікірін білді.
Шымкентте екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Мәңгілік даңқ» шеруі өтті.
Шымкентте екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына арналған шара өтті.
Шымкенттегі көркемсурет галереясында Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи-архитектуралық ескерткіштерімен танысу шарасы және кескіндемеші суретшілердің халықаралық пленэр-симпозиумы өтті.
Шымкенттегі «Шәмші алаңында» қазақстандық танымал әнші, музыкант Батырхан Шүкеновті еске алу рәсімі өтті.
Шымкенттегі мүмкіндігі шектеулі жандар «екі қолға бір күрек табу оңай емес» екенін айтады. Ал ресми билік қаладағы ондай 19 мыңнан астам адамның небәрі 90-ға жуығы жұмыспен қамтылғанын хабарлады.
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, қалада 19 мың 121 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Бірақ олардың небәрі 87-сінің ғана тұрақты жұмысы бар.
Шымкентте гүл отырғызу, абаттандыру жұмыстары басталды. Ресми дерек бойынша, бұл шараларға қала бюджетінен 555 миллион теңге бөлінген.
Шымкентте полиция бір жарым жастағы Данилдың анасын үш апта іздеді. Ал мамандар тастанды балалардың басым бөлігі жаңа туған нәрестелер екенін айтады.
Шымкенттегі көпбалалы отбасы қыстыгүні жалдамалы жыртық там төбесінен су сорғалап, көктемге әупіріммен ілінгендерін айтады. Әкімдік олардың үй кезегінде 4 мың 284-ші тұрғанын ескертті.
Шымкентте «Театр көктемі – 2015» облыстық театр фестивалі ашылды. Оған сегіз кәсіби театр қатысып жатыр.
Шымкенттегі оралмандар тұратын «Асар» шағын ауданында Наурыз мейрамын атап өтті.
Шымкенттегі №46 мектеп-лицейдің жазда басталған жөндеу жұмысы 20 желтоқсанда аяқталды. Бірақ онда сабақ әлі басталған жоқ.
21 желтоқсанда Шымкенттегі валюта айырбастау пункттерінде доллар тапшылығы байқалды.
20 желтоқсанда Шымкентте көппәтерлі үй жарылды. 23 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 1-қабаттағы екі пәтердің орны ғана қалған. Үй қаусап, құлағалы тұр.
Желтоқсанның 20-сы күні әлеуметтік желіде Астанада доллар жоқ екені, жұрттың АҚШ валютасын іздеп сабылғаны жайлы бірді-екілі жазба шықты. Алайда жаппай ажиотаж туралы ақпараттар расталмады. Дегенмен кей аймақта доллар тапшы.
Шымкентте күніне ондаған әйел зорлық-зомбылыққа тап болғанын айтып, шағымданады. Қалалық полиция мен мамандар мұның негізгі себебін жұмыссыздық пен маскүнемдіктен көреді.
Тағы