Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Шымкенттегі Чапаев елдімекенінде соңғы екі күнде екі рет жарылыс болды. Құқық қорғаушылар жарылыстар салдарынан екі тұрғынның аяғын бірінші дәрежелі күйік шалғанын айтады.
Шымкенттегі Чапаев елдімекенінде тамыздың 12-сі күні болған жарылыстан 11 жасар оқушы қыз зардап шекті.
Оңтүстік Қазақстан облысында мектепке дайындық басталды. Тұрғындар Шымкентке келіп, базардан қажет заттарды алып жатыр.
Шымкенттегі заңдық, психологиялық, медициналық көмек көрсететін «Ана үйі» кризистік орталығына қарасты қос қабатты екі үйде нәрестелерімен бірге 25 жалғызбасты ана тұрып жатыр.
Шымкенттегі жалғызілікті жас аналар паналайтын «Ана үйі» кризистік орталығында кәмелетке толмаған қыздар көбейген. «Олар үйдегі және түздегі зорлық-зомбылықтан қорқады» дейді мамандар.
Шымкенттегі ИЧ – 167/3 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер арасында жазғы спартакиада ашылды.
Шымкенттегі Тассай елдімекеніндегі Уәлиханов көшесінде орналасқан коммуналдық қызметтен жарық пен салқын су ғана бар №2 жатақханада тұрмысы төмен 82 отбасы өмір сүріп жатыр.
Жуырда Шымкент қаласының аумағына өткен Тассай ауылындағы 82 отбасы тұратын жатақханада ыстық су, газ бен дәретхана жоқ. Әкімдік жатақхананы қай ауданға беруді шеше алмай отыр.
Шымкенттің «Нұрсәт» шағын ауданындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығының аумағынан жер телмін сатып алып, үй салып үлгерген жүздеген тұрғынның бірі Уәлихан Тәжібаев пен Ахмет Сапаров қолдарында қажетті құжаттардың бәрі бар болса да жер телімі мен салған жеке тұрғын үйіне өтемақы ала алмай әлі күнге
Шымкенттің «Нұрсәт» шағын ауданында жер телімін сатып алып, үй салып үлгерген ондаған тұрғынды әкімдік сот арқылы жерін «мемлекет мұқтаждығы үшін» арзан бағамен қайта сатуға мәжбүрлеп отыр.
Шымкентте Ораза Айтқа орай ҚМДБ-ның Оңтүстік Қазақстан өкілдігі 10 қоғамдық көлікпен тегін қызмет көрсетуді ұйымдастырды.
Шымкентте рамазан айында, салт-дәстүрге сай, үй аралап жарапазан айтып жүрген жастар кездеседі.
Шымкент қаласы аумағына қосылған Тассай елдімекеніндегі ескі жатақханада 82 отбасы тұрып жатыр.
Шымкенттегі кондитерлік дүкендер желісінің бірі қымыз және шұбат қосылған балмұздақ сатады. Оның дәмін бір рет татып көрген тұрғындар дүкенге қайта айналып соғатындарын айтады.
Шымкенттегі кондитерлік дүкендер желісінің бірі қымыз және шұбат қосылған балмұздақ сата бастады.
Шымкентте жаздың аптабында балмұздақ сататын орында кезек көп.
Оңтүстіктегі бір мектептің 35 түлегі «Алтын белгі» алғанына сенбеушілер де бар. Ол мектептің оқушылары мен ұстаздарының сөзінше, бұл жетістіктің себебі қарапайым ғана.
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жетісай қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының 35 түлегіне «Алтын белгі» тағылды.
Шымкентте «Жазғы би және өнер ойындары турнирі» өтті. Жарысқа 20-дан астам - мүмкіндігі шектеулі жастар қатысты.
Сот Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы биылғы ақпан айындағы кісі өліміне кінәлі деп танылған Навмидин Нарметовті 18 жылға түрме жазасына кесті.
Тағы