Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Шымкенттегі мектептеріне жетуге қиналатын 1700-ден аса оқушы арнайы көлікке мұқтаж.
Елдің оңтүстіктігінен солтүстігіне көшкісі келетін тұрғындар қоныс аударудың басты себебі ретінде жұмыссыздықты айтады. Жергілікті билік өкілдерінің сөзінше, бұл мәселенің демографиялық қыры да бар.
Шымкенттегі жиырма шақты отбасы «әкімдік рәсімдеп берген жерлерін жеке кәсіпкер даулап жатқанын» айтып наразылық танытты. Ал әкімдік бұл іс жөнінде тексеру бастағанын хабарлады.
Шымкенттегі сейсмикалық тұрғыда қауіпті деп танылған жатақхананың жөндеу жұмысы уәделі мерзімінде – 2015 жылдың соңында да аяқталмады. Билік «тұрғындар қаңтардың соңына дейін үйлеріне кіреді» деп сендіреді.
Шымкенттегі сейсмикалық тұрғыда қауіпті деп танылған жатақхананың жөндеу жұмысы уәделі мерзімінде – 2015 жылдың соңында да аяқталмады. Билік «тұрғындар қаңтардың соңына дейін үйлеріне кіреді» деп сендіреді. Ал тұрғындар ремонттың сапасына наразы.
Шымкент әкімдігі жарылған кәріз коллекторы маңындағы үй иелерін "заңды бұза отырып құрылыс салғаны" үшін кінәлайды. Ал тұрғындар үйлерінің тыйым салынған жерде тұрғанын былтыр ғана білгендерін айтады.
10 баласымен суық бір бөлмені паналап келген Дәрібаевтар отбасы 2016 жылға санаулы сағаттар қалғанда қала орталығындағы бес бөлмелі пәтерге уақытша көшірілді.
Шымкентте баспанадан қиындық көріп отырған көп балалы Дәрібаевтар отбасы жаңа жылды бес бөлмелі пәтерде қарсы алды.
Дәрібаевтар отбасы Шымкенттегі бір бөлмелі пәтерде әлі уақытша тұрып жатыр. «Ана даңқы» ордені бар ана балаларының ауруға шалдыққанын үйсіздіктен көреді.
10 баласымен бірген уақытша тегін пәтерде тұрып жатқан Қарлығаш Дәрібаева қол ұшын созған қайырымды жандарға алғысын айтады. Тұрмысы төмен, әлеуметтік жағдайы нашар отбасы 15 жылдан бері баспанасыз жүр.
Шымкентте жалға берілетін пәтерлерден үмітті тұрғындар төрт күннен бері әкімдік алдында кезекте тұр. Билік тұрғындардың бұл әбігерін олардың өздерінен көреді.
Шымкентте жалға берілетін пәтерлерден үмітті тұрғындар төрт күннен бері әкімдік алдында кезекте тұр. Биліктің дерегінше, 492 пәтерге алғашқы үш күннің өзінде ғана 2000-нан астам адам құжат өткізген. Шымкент, 24 желтоқсан 2015 жыл.
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы мақташылары үкіметтің жер субсидияcын алып тастауына наразы. Билік оның орнына «техника лизингі мен шаруа қожалықтарын ірілендіруді» ұсынады.
Бағыс ауылы қазақ-өзбек шекарасында орналасқан. Алайда шекара келісімі әлі ратификацияланбағандықтан, ауылдағы кейбір әлеуметтік мәселелер шешілмей келеді.
Шекара белгілеу кезінде Қазақстан мен Өзбекстан арасында дау болған Бағыс тұрғындары «ауылдарының тозып бара жатқанын» айтады. Әкімдік өкілінің сөзінше, шекара әлі ратификацияланбаған.
Жергілікті биліктің дерегінше, Шымкент қаласында пәтер кезегінде тұрған 20 мың тұрғынның 1145-сі – көпбалалы отбасы. Қалада үй алу кезегіне енді жеткендер – 1987-1990 жылдары тіркелген адамдар.
Шымкентте тәуелсіздік күніне орай марафон өтіп, 2 мыңнан астам адам 7 километр жолды жүгіріп өтті.
Шымкенттегі халықтар достығы үйінде өткен концертте мүмкіндігі шектеулі азаматтар ән айтып, би биледі.
Тағы