Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Шымкенттегі ВИЧ жұққан балалардың ата-аналары медициналық және психологиялық көмекке мұқтаж екендерін айтады. Ал дәрігерлер «қажетті көмекті беріп жатырмыз» дейді.
Ата-аналар мен мұғалімдер «үш ауысымдық мектеп сабақ үлгеріміне зиян әрі түнде қайтатын баланың амандығына алаңдаймыз» дейді. Шенеунік «жаңа мектептер салынып жатқанын» айтады.
Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайындағы 600 орындық №83 орта мектепте 3 мың 300 оқушы 141 сыныпта үш ауысыммен оқып жатыр.
Шымкенттіктер жұмыс табудың қиындығын айтады.
Еңбек жәрмеңкесінде ұсынылған «екі мыңнан астам жұмыс орнының» кейбірі телефон көтермейді, көпшілігінің жалақысы аз.
Оңтүстік Қазақстан облысы шенеуніктері Шымкенттегі «Нұрсәт» ауданындағы «заңсыз сатылған» 72 жер телімі мемлекетке қайтарылатынын хабарлады. Тұрғындар бұған наразы.
Шымкенттегі бейнелеу өнері мұражайында «Табиғат әлемі балалардың көзімен» атты байқау мәреге жетті.
Оңтүстік Қазақстан облысында мал өсіретін шаруалар ет пен сүт сатудан еш пайда көре алмай жатырмыз деп наразы. Шаруалардың сөзін қуаттаған жергілікті билік оның бірнеше себебі барын айтады.
Қазығұрттың Шоқайтөбесіндегі алып нысандарды тұрғындар я геоглиф, я совет әскери базасының ізі деп ойлайды. Ғалымдар мен әскерилер мұны жоққа шығарады.
Шымкентте өтіп жатқан «AgriTek Shymkent 2015» халықаралық ауыл шаруашылығы көрмесіне 10 елден 70 компания келді.
Азаттық тілшісі Шымкенттегі 230-ға жуық әйел жазасын өтеп жатқан ИЧ-167/4 түрмесін көріп қайтты.
Шымкент қаласындағы ИЧ-167/4 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан 25-65 жас аралығындағы 234 әйелдің 80 пайызға жуығы есірткі тасымалдаумен айналысып, істі болған. Олар жазасын қатаң, дағдылы және жеңілдетілген тәртіптегі камераларда өтеп жатыр.
Таразда өзін-өзі өртеген Ерлан Бектібаевтың денесін Сайрам ауданы Ақсукент ауылына апарып, жаназасын шығарды.
Тараздағы «Нұр Отан» партиясы ғимараты алдында өзін-өзі өртеген Ерлан Бектібаевты Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылына апарып, жаназасын шығарды.
Осы апта Қазығұрттан бір отбасы «Сирияға кеткені» жайлы хабар тарады. 44 жастағы Марат Мәуленовтің анасы Азаттыққа «мені тастап кеткен балаға айтатын еш сөзім жоқ» деп, өкпе-зарын білдірді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының тұрғыны Марат Мәуленовтің отбасымен бірге «Сирияға кеткені» жөнінде ақпарат тарады. Көршілері оларды тамыз айының соңында көргендерін, соңғы бір жылда «әйелі хиджаб тағып, өзі балағы қысқа шалбар кие бастағанын» айтады.
Мерекелік шарада ұлттық ойындардан жарыстар, ұлттық киім үлгілері мен тағам түрлерінен көрмелер ұйымдастырылды.
Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайы тұрғындары «екі апта жарықсыз, сусыз отырғандарын» хабарлады. Ал әкімдік өкілі мұның «саяжай кооперативі дауы» екенін, «араласа алмайтындарын» айтады.
Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайының 364 отбасы «екі аптадан бері (1 қазан) жарықсыз, сусыз отырғандарын» хабарлады. Ал әкімдік өкілі мұның «саяжай кооперативі дауы» екенін, «араласа алмайтындарын» айтады.
Тағы