Қазақстанда тұратын қарақалпақ белсендісі Ақылбек Мұратов ұсталды. Ол көпшілікке Мұратбай деген тегімен белгілі. Полиция оның Өзбекстанның өтінішімен қамауға алғанын айтты. Экстрадиция қаупі төніп тұрған белсендінің ісіне құқық қорғаушылар араласып жатыр.