Ресейдің Украинаға басқыншылығынан бейбіт тұрғындардың өлімі көбейген тұста Батыс шенеуніктері Пекинді Мәскеудің дипломатиялық шешім қабылдауына ықпал етуге шақырды. Мұның әсері бола ма?
Украина Ресейді халықаралық сотқа беріп, қиын жолға түсті, дейді Еуропалық халықаралық қатынастар жөніндегі кеңестің аға ғылыми қызметкері, әскери қылмыстар мен халықаралық құқық сарапшысы Энтони Дворкин.
Азаттық Берлиндегі Герман Маршалл қорының қызметкері Йорг Форбригтен сұхбат алды. Ол Ресейді SWIFT жүйесінен ажырату және олигархтарға салынған санкциялар жайлы айтып, кейінгі қабылданған шаралар неліктен "ауыр соққы" болатынын түсіндірді.
Қытай президенті Си Цзиньпин ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесіп, Пекин мен Мәскеудің қарым-қатынасы одан әрі нығая түсті. Қос мемлекет арасындағы құбылмалы қарым-қатынастың астарында не жатыр?
Украина шекарасында Ресей әскері көбейді. Қытай бұл жағдайды АҚШ билігін айыптап, Мәскеумен байланысын нығайта түсуге пайдаланғысы келеді дейді сарапшылар.
Орталық Азия Пекин мен Мәскеу арасындағы бәсеке аймағы саналады. Бірақ Қазақстандағы оқиға оларды жақындастыра түскендей.
Постсоветтік елдердің басшылары Қазақстандағы наразылық пен зорлық-зомбылыққа қатысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымынан (ҰҚШҰ) әскери көмек сұрау арқылы режимді сақтап қалу жөніндегі күрестің жаңа парағын ашты.
Сарапшылар 2022 жылы Қытай тарихындағы негізгі кезеңдердің бірі басталады дейді. Си Цзиньпин президент өкілетінің шекті мерзімін жойып, бір адамның билігін орнатуға ұмтылатынын болжап жатқандар бар. Азаттық алдағы жылы Қытайдың Еуразияға ықпалын арттыруға әсер ететін жағдайларға шолу жасап көрді.
Экологиялық таза технологиялар саласындағы жетістіктер, жартылай өткізгіштер тапшылығы және метағалам. Оқырман назарына 2022 жылы әлемде өзекті болатын бес технологиялық тенденцияны ұсынамыз.
Еуропа саясатын талдау орталығы Қытай мен Ресейдің коронавирус пандемиясы кезінде қандай жалған ақпарат таратып, қалай пропаганда жүргізгенін зерттеді. Баяндамада не айтылған?
Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматы Интерпол президенті болды. Ал ұйымға кіретін маңызды комитет басшылығына Қытай азаматы келді. Адам құқықтарын қорғаумен айналысатын топтар мен Батыс елдері бұл екеуі қызметін асыра пайдаланып, авторитар елдерді қолдауға кіріседі деп қауіптенеді.
Коронавирус пандемиясы кезінде Пекин қатаң шектеу енгізіп, Қытайдан жүк таситын қырғызстандықтар табыстан қағылды. Енді олар Бішкек ұсынған жаңа ереже жағдайды одан сайын қиындатады деп алаңдайды.
Тайвань сыртқы істер министрі Джозеф У Азаттыққа берген сұхбатында Пекинмен тым жақын араласудың салдары, Қытаймен соғыс қаупі және Еуропаға сапары жайлы әңгімеледі.
Қытай тәжік-ауған шекарасына жақын маңда тағы бір әскери база салмақ. Бұған дейін Азаттық тілшілері елде онсыз да Қытайдың құпия базасы барын анықтаған еді. Сарапшылар жаңа базаның Қытайдың осы аймаққа әскери ықпалын күшейтетінін айтады. Пекиннің көздегені не?
Джонатан Хиллман жаңа кітабында Қытай мен АҚШ арасында дамушы елдердегі нарыққа бағытталған желілер мен жүйелер үшін цифрлық соғыс басталғанын жазады.
Содырлардан төнген қауіп-қатерге алаңдаған Қытай Тәжікстан аумағында, тәжік-ауған шекарасына жақын жерде әскери база мен әскери мұнара салған. Мұны Азаттық тілшілері анықтады.
"Талибан" Ауғанстанның Қытаймен шекарасына жақын аумақтағы ұйғыр жасағын сол маңнан шеттетті. Бұл – Пекин мен "Талибан" арасы жақындай түскенін білдіретіндей.
Қытай тәліптерге "саяси қысым" көрсетуді тоқтатуға шақырды. Осылайша Пекин қозғалыстың мойындалуына ниетті екенін білдірді. Оның бұл стратегиясы нәтиже беріп жатқанға ұқсайды.
Ауғанстанда "Талибан" қозғалысы билікке келген соң, Қытай жаңа геосаяси жағдайға, Орталық және Оңтүстік Азияға төнген қауіптің жаңа кезеңіне дайындалып жатыр.
Тағы