Мамырдың ортасында Назарбаев зияткерлік мектебіне қабылданған оқушылар тізімі жарияланды. Бірақ Алматыдағы химия-биология бағытындағы мектепке тапсырған оқушылар байқау әділ болмады дейді.
Донбасс үшін айқастың жарияланғанына 2 ай болды. Ресейліктер Донецк облысын да, Луганск облысын да толық бақылауына ала алмады. Украина тарабы тамыздың соңына дейін басып алынған аймақтарды қайтарып аламыз деп отыр.
Украина-Ресей соғысына 110 күн болды. Батыс барлаушыларының есебінше, екі жақтан да ондаған мың адам қаза тапқан. Халықаралық сарапшылар бұл соғыс әлемге ядролық қарудан төнетін қауіпті күшейте түскенін айтады.
2019 жылдың наурызында Нұрсұлтан Назарбаев биліктен кететінін мәлімдеп орнын сол кездегі сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа берді. 9 маусымдағы президент сайлауында ол жеңіп шығып, бес жыл мерзімге сайланды. Содан бері не өзгерді?
Билік 5 маусымдағы референдумды билікшік телеарналар мен басылымдарда насихаттау үшін бюджеттен 400 миллионға жуық теңге жұмсаған. Бұл қаржыны қай медиалар алған және басылымдар қандай жарнама жасаған?
Референдум күні Қазақстанда дауыс беру бюллетендері көп бүлінді. Желіге жарияланған суреттерде дауыс беруге келгендердің арасында бюллетенге қаңтар оқиғасын әділ тергеуді, қаза болғандардың тізімін жариялауды жазғандар жиі кездесті.
Азаттық тілшілері референдумда Конституцияға дауыс беру кезінде бірнеше заң бұзушылықты анықтады
Ресей-Украина соғысына 100 күн болды. Киевті әуелде санаулы күнде басып алатынына сенімді болған Кремль пропагандасы бұл датаға аса назар аударғысы келмейді.
Ресей әскері бірер күнде Луганск облысын алмақ. Батыс сарапшылары Украина күштері қару күтіп отырғанын, сол үшін әдейі шегініп жатқанын айтады.
Совет одағында 1926 жылы төрт миллионға жуық қазақ болды. Ал 13 жылдан кейін қазақтар азайып, 3 миллионнан әрең асты. Мұның бірден бір себебі - алапат ашаршылық.
Украина шығысында Ресей мен Украина әскері арасында қатты шайқас жүріп жатыр. Шабуылға төтеп беру қиындағанын айтқан Киев Батыс елдерінен қосымша қуатты қару сұрайды. Ал Еуропа Ресей отынына эмбарго қою бойынша келісімге келе алмай жатыр.
5 маусымдағы референдум қарсаңында Алматыда университет басшылығы студенттерді дауыс беруге шақырып қана қоймай, байқаушы болуға үгіттеп жатқаны жөнінде ақпарат тарады. Олар бұл үшін ақша төленеді деп сендірген. Университет өкілі бұл деректі растамады және терістеген де жоқ.
Германия канцлері Олаф Шольц НАТО елдері Ресеймен тікелей қақтығыспауға тырысады, бірақ Путиннің айтқанына көнбейді, айдауына жүрмейді деді. Осы тұста неміс басылымдары Германия Украинаға ауыр қару-жарақ беруге құлықсыз екенін жазды.
Ресейдің Украинаға басып кіргеніне үш ай болды. Алғашында Киевті екі күнде басып алады делінген орыс әскері қазір шығыстағы қалаларды қоршай алмай дал. Батыс елдері орыс басқыншылығын тоқтату үшін Украинаға көмегін үздіксіз жіберіп жатыр.
Қаңтар дүрбелеңін Қазақстан билігі «террористердің шабуылы» деп атаған және президент «террористердің кейбірі шетелден ұшақпен келіп-кеткенін» айтқан. Кемі 230 адам қаза тапқан оқиғадан төрт жарым ай өтсе де тергеу «террористердің» аты-жөнін атаған жоқ.
Қазақстанда тағы бір саяси партия құрылмақ. Екі жыл бұрын шетелдіктерге жер сатуға қарсылық кезінде құрылған "Ел мен Жер" қозғалысы саяси амбициясы барын көрсетті. "Қол жинап, тіркеуге барамыз" дейді қозғалыс өкілдері.
Украинадағы соғыста жасалған қылмыс деректері күн сайын толығып жатыр. Сол қылмыстың біріне күдікті ресейлік сарбазды Киев бүгін соттамақ. Ал әлемдегі бидайдың төрттен бірін өндіретін екі елдің соғысы азық түліккен мұқтаж кедей елдердің жағдайын одан бетер ушықтырып барады.
Украинада соғыс басталғалы екі жарым айдан асты. Онлайн өтіп жатқан келіссөздерге екі жақтың да көңілі көншімейді. Күн сайын өліп жатқан бейбіт тұрғындардың саны ондап, шетел асқандардың саны мыңдап артып жатыр.
5 қаңтарда Алматы алаңында арқасына ту жамылып, көзге түскен Қанат Таласбаевтың қандай жағдайда қаза тапқаны әлі анықталмаған, күдікті ұсталмаған. Оның артында әйелі мен бес баласы қалды.
Соғыстың 71-күні екі тарап оқтың астында қалған бейбіт тұрғындарды эвакуациялау мәселесін шешуге тырысып жатыр. Майдан шебінде де өзгеріс аз. Ал қазір түрмеде отырған ресейлік оппозиционер Алексей Навальный өзін ең сорақы колонияға ауыстырғалы жатқанын хабарлады.
Тағы