Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Жаңаөзенде "КЕЗБИ" компаниясының 600-ден астам жұмысшысы екі күннен бері жұмысты тоқтатып, ереуілдеп жатыр. Олар еңбек жағдайын жақсартуды, жалақыны көтеруді, өздері құрған кәсіподақ белсенділерін қудаламауды талап етеді.
Нұр-Сұлтанда жеңіл рельсті транспорт, қоғамда "жемқорлық символы" атанып кеткен LRT құрылысы қайта басталды
Қазақстанда оппозициялық топтардың халықты 6 шілде күні митингіге шақырған тұста полиция бұған дейін түрлі наразылық акцияларына қатысып танылған белсенділерді ұстай бастады. Олардың бірін желідегі жазбасына, тағы бірнешеуін екі апта бұрын өткен акцияға байланысты соттап, 15-20 күнге қамаған.
26 маусым - түрмеде азап көргендерді қолдау күні. Қазақстан құқық қорғаушылары абақтыда отырғандарды жиі азапталатынын, бірақ жәбір көрсеткендердің жауапқа тартылмайтынын айтады. Ал билік 2020 жылы түрмеде ешкім азап көрмеді деп мәлімдеген.
Қазақстанда індетке байланысты карантин талаптары күшейіп, екпеге кезек көбейді. Нұр-Сұлтанда бұған дейін адам аз көрінген вакцина салу орталықтарында кешеден бері қарбалас.
Нұр-Сұлтанда Қазақстанның әр өңірінен келіп, сот шешімдеріне наразылық білдіріп жүргендердің акциясы әлі жалғасып жатыр. Олар үш күннен бері депутаттардың келуін талап етіп жүр.
Елде коронавирустың "үндістандық штамына" ұқсас мутацияға ұшыраған түрі анықталған соң үкімет карантин шектеулерін қайта көбейте бастады. Денсаулық сақтау министрлігі мәліметше, бұл штаммтез жұғады әрі ауыр өтеді. Билік те, сарапшылар да вирусқа қарсы тұрудың амалы тек вакцина егу екенін айтады.
Қазақстанда былтыр пандемия өршіген тұста дәрі-дәрмек тапшылығының байқалуы, биыл азық-түліктің күрт қымбаттауы сияқты түрлі оқиғаларға байланысты ел ішінде "премьер-министр Асқар Мамин бастаған үкімет отставкаға кетуі керек" дейтін пікір жиі айтылып жүр. Бұған министрлердің өзі не дейді?
Нұр-Сұлтанда ұзақ жылдан бері құрылысы толық аяқталмай келе жатқан "Абу-Даби Плаза" кешенінің жұмысшылары екі айдан бері айлық түспеді деп тағы нарызылық білдірді. Араб компаниясы ақша шетелден кешігіп келгенін және жалақыны түгел бере алмайтынын айтты.
Қазақстанда құрылыс материалдары қымбаттап жатыр. Мұны сатушылар да, үй салып жатқан тұрғындар да айтып отыр. Биліктің уәжі – қымбатшылық бүкіл әлемде бар.
31 мамыр Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 20 ғасырда Cовет одағы қолдан істеген аштық пен Сталиннің репрессиясы кесірінен миллиондаған қазақ қырылды, қуғындалды, жер аударды.
Павлодар өңіріндегі әкімдер тартысы Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовті жұмыстан шығарумен аяқталды. Бұған 19 мамырда өткен әдеп комиссиясының шешімі негіз болған. Енді экс-әкім Нұржан Әшімбетов не істемек? Дауға не түрткі болды? Астарында не бар? Азаттық тілшісі Павлодарда болып қайтты.
Нұр-Сұлтанда "Шапағат" базарының сыртында тұрып сауда істейтін сатушылар екі күннен бері наразылық білдіріп жатыр. Әкімдік тазалық керек екенін айтып, орынды босатуды талап етеді, саудагерлер күн көрісті алға тартады.
Қазақстанда оқу жылы аяқталды. Індет қаупіне байланысты елде сабақтың көбі онлайн форматта оқылды. Оқушы да, мұғалімдер де экранның ар жағынан берілген білімнің сыныпта отырып оқығанға жетпегенін айтады.
Қазақстанда тұрғындардың коронавирус жұққан-жұқпағаны туралы дерегі топтастырылған "Ashyq" мобилді қосымшасы ашылмай қалды. Қосымша жұрттың әуежай, мейрамхана, фитнес, ойын-сауық орталықтары, сауна және спа салондарға кіруі үшін қажет екені айтылған.
Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны бір күнде 4,5 мыңнан 6,5 мыңға бір-ақ секірді. Бұған дейін есептеу әдісін бірнеше рет құбылтқан денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, былтырдан бері екі мыңнан астам марқұмның аты-жөні тізімге енбей қалған.
Қазақстан билігі жеңілдетілген баспана алу бағдарламасын тоқтатпақ. Әу-бастан үйге мұқтаж жандарға деп әзірленген "Баспана хит" бағдарламасы биыл жабылмақ. Ал бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған "7-20-25" жобасы 2022 жылдың аяғына дейін ғана жұмыс істемек.
Қазақстанда кейінгі бір айда бензин тағы 10-15 пайызға қымбаттады. Жұрт көп тұтынатын АИ-92 маркалы бензині сәуірде 160 теңге тұрса, қазір 170-177 теңгенің аралығында. Тұрғындар жанармай қымбаттаса, азық-түлік пен басқа тауарлар құны аспандап кетеді деп налиды.
"Қытай ұлдарымды Қазақстанға жібермей отыр" деп арызданып жүрген Алтынхан Қалиярқызы жақында екі баласымен қауышты. Үшіншісі арғы бетте қалып қойған. Қалиярқызы қазір қолына уақытша келген екі ұлын кері қайтарғысы жоқ.
17 мамырда Нұр-Сұлтанда бір топ борышкер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауын сұрап, наразылық білдірді. Бұған дейін де бірнеше рет Ақорда маңына жиналып, президентпен кездесе алмаған тұрғындар Тоқаевты туған күнімен құттықтады және "арыз-шағымды өз аузымызбен айтқымыз келеді" деді.
Тағы