Қазақстандық боксшылар Ливерпульдегі әлем чемпионатында бес медаль ұтып алды. Қазақстанға алғашқы алтынды Санжар Тәшкенбай (50 кг) ұтып әперді. Финалда ол қарсыласы моңғолиялық спортшы Алдаркхишига Баттулгуды жеңді.
Екінші алтынды Махмұд Сабырхан (55 кг) ұтты. Алтын үшін таласта ол қарсыласы испандық Рафаэль Лосано Серраноны басымдықпен жеңді.
Үшінші медаль иесі – Назым Қызайбай (48 кг). Финалда ол үнді спортшысы Минакшимен бірінші орынға таласып, ақыры үнді спортшысының күші басым түскен. Осылайша Назым Қызайбай күміс медалін алды.
Бұған дейін қола медальға Виктория Графеева (60 кг) мен Елдана Талипова (80+ кг) ие болған.
Алда тағы бірнеше финал бар. Қазақстан спортшылары медаль алуға үміттеніп отыр.