Кирктің өліміне күдікті: ол өшпенділікті көп таратады

Тайлер Робинсон

Юта штатында Кирктің өліміне қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Консервативті блогер, белсенді Чарли Кирктің өліміне күдікті Тайлер Робинсонға бірқатар бап бойынша айып тағылды: адам өлтіру, қарумен ауыр жарақат келтіру, сотқа кедергі келтіру, куәгерлерге қысым жасау, сонымен бірге баланың көзінше күш көрсету деді аймақ прокуроры Джефф Грей.

Іс материалдарына қарағанда, ата-анасымен сөйлескен кезінде Робинсон Киркті атқанын және түрмеге отырмас үшін өзіне қол жұмсамақ болғанын мойындаған. Ол өзінің әрекеті жөнінде "ол жігіт тым көп зұлымдық пен өшпенділікті таратады" деп айтқан.

Материалдарға қарағанда, Робинсонмен бір бөлмеде тұратын адам "менде Кирктің көзін жою мүмкіндігі бар, сол мүмкіндікті пайдаланамын" деп жазған бір парақ қағазды тауып алған. Көршісінің айтуынша, Робинсон қылмысқа бір аптадан астам уақыт дайындалған.

Бұған қоса, көршісімен сөйлескен кезде Робинсон хабарламаны өшіріп, полициямен әріптестік орнатпауды сұраған. Бұған қоса, өзінің әкесі АҚШ президенті Дональд Трамптың жақтаушысына айналғанын алға тартып, шағымданған.

The Washington Post жазуынша, Робинсон Discord чатында "сәлем, сіздерге айтар жағымсыз жаңалығым бар... Бұл кеше Ютадағы университетте болды. Кешіріңіздер" деп жазған.

  • 10 қыркүйекте консервативті блогер, белсенді 31-жастағы Чарли Кирктің мойнына оқ тиіп, қаза болды. Ол кезде Кирк Юта штатындағы университетте сөз сөйлеп жатқан. Трамп оқиғаны "адам шошырлық" қылмыс деп атады.
  • Кирк 2024 жылғы президент сайлауы кезінде республикалық партия мен Трампқа жас сайлаушылардың қолдауына ие болуына көмектескендердің бірі.