Алматы облысында оқушылар мінген автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: екі адам қаза болды

көрнекі сурет.

Алматы облысында "Сокол" саяжай массивінің аумағында оқушылар мінген жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты.

Әзірге толық емес мәлімет бойынша, Hyundai Accent көлігі автобусқа жол бермей бұрылып, осылайша екі көлік соқтығысқан.

Апаттың салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза болған, көліктегі жолаушы ауруханада көз жұмған.

"Қалған ешкім зардап шеккен жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, Hyundai Accent жүргізушісі бұрылу кезінде автобусқа жол бермеген, жол апатына осы жайт себеп болды" деп хабарлады Алматы облыстық полициясы.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған.