"Мәселе үсті-үстіне үйіле берді. Наразы халық билікке жақпады". Өскеменнің қасындағы қандастар ауылының халқы 13 жылдан бері сапасыз үйде тұрып жатқанын айтып шағымданып келеді. Олар аязды күні үйдің қуыс-қуысын киізбен бітегенімен суық баспана тұруға қолайсыз екенін айтады. "Нұрлы көш" бағдарламасымен салынған үйлердің көбі әлі мемлекет иелігінде, бірақ жергілікті депутаттар тұрып жатқан адамдар үйді өздері жөндеп алуы керек дейді.