Accessibility links

Депутаттар мен өзге де парламент қызметкерлерінің жалақысын төлеуге 7,8 млрд теңге жұмсалады


2026 жылы депутаттар мен парламент қызметкерлерінің жалақысын төлеу үшін 7,8 млрд теңге жұмсалады. Үш жылдық бюджет жобасында осындай сома қарастырылған. Бұл жөнінде қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы айтты.

"Парламенттің қызметін қамтамасыз ету үшін бізде (2026 жылы) шамамен 7,8 млрд теңге қарастырылған – бұл депутаттарды қамтамасыз ету үшін. Сонымен бірге сенат пен парламентте саяси мемлекеттік қызметкерлер бар. Парламенттің мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері бар" деді ол.

Қазақстанда екі палаталы парламентте 148 депутат бар: 98-і – мәжіліс, 50 - сенат депутаттары. Парламентте қанша мемлекеттік қызметкері бары белгісіз.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Қазақстанда былтыр сенат пен мәжіліс депутаттарының орташа жалақысы 1 млн теңгеден астам болған.

XS
SM
MD
LG