11 қыркүйекте Маңғыстау облысы Қарақиян ауданы Сенек ауылынан 90 километрде жол апаты болып, 10 адам қаза тапты. Бұл туралы облыстың жол полициясы хабарлады.
Алдын ала ақпарат қарағанда, Toyota Hiace шағын автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылған. Сегіз адам сол жерде, екі адам ауруханаға бара жатқанда көз жұмған. Жүргізуші мен екі жолаушы жарақаттанып, ауруханаға түскен. Полиция жол апатынан соң қылмыстық іс қозғаған.
Қазақстанда жол апаты жиі болады. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйектегі жолдауында жыл басынан бері 22 мың жол апаты болғанын айтқан.
"Әрбір адам өз өміріне және айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапты екенін сезінуге тиіс. Көлік жүргізу мәдениетін бүкіл қоғам болып қалыптастыру қажет" деген еді Тоқаев.
ПІКІРЛЕР